11 Ақпан, 2015

Ақпараттар ағыны

388 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
*Биыл ҚМГ мұнай мен газ өндіру және тасымалдау көлемін сақтап қалуға ниетті. Құрылымның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың сөзіне қарағанда, мұнай өндіру деңгейі өткен жылы шамамен 22,3 млн., магистральді құбырлармен көмірсутектер тасымалдау көлемі 64 млн., теңіз арқылы тасымалдау 9,6 млн. тоннаны құраған. Ал табиғи газды өндіру 4,7 млн. текше метрге жеткен. *Былтыр елімізде он­коло­гиялық ауруларды анықтау скринингінен 2,3 млн.-нан астам адам өтті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, бүгінде мемлекетімізде онко­логиялық көмекті дамыту бағ­дарламасы аясында 11 өңірде 6 түрлі алдын алу шаралары жүзеге асырылып жатыр. *Астаналық студенттер ардагерлерге көмектесуде. Қа­лалық жастар саясаты мәсе­лелері басқармасының ұйым­дас­тыруымен Жеңістің 70 жыл­дығына арналған «Ардагер» акциясы басталды. Елорданың белсенді жастары тізе қосып, ардагерлерге көмек беруді жөн көріп отыр. Белсенді топ аталмыш акция шеңберінде барлық ардагерлердің үйіне барып, оларды келе жатқан мерекемен құттықтап шығады. *Қарағандыдағы «Мұ­рагер» мектебінің оқушылары «ақылды» роботтар жасап шығарды. Балалар олардың біріне «Мұрагер» деген есім беріпті. Ол 19 тіл мен көптеген математикалық формулаларды біледі әрі кез келген сұраққа жау­ап береді. Мектеп мұғалімдері бүгінде роботтар саны күн санап өсіп келе жатқанын айтады. *Оңтүстік Қазақстанда отбасылық кәсіпкерлікті өріс­те­туге баса назар аударылып отыр. Былтыр аймақта үйір­гелік шаруашылықтарда 10-15 бас малды бордақылап, сауын сиыр ұстау үшін түрлі қаржы көздерінен 5,9 млрд. теңгедей пайызы төмен несие бөлінген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбеков шаруашылықты дамыту бағ­дарламасы аясында 3 жылдың көлемінде 21 мың адам жұмыспен қамтылады, деп мәлімдеді. *Шығыс Қазақстанда еліміз бойынша алғашқы «Кәсіпкерлер үйі» ашылды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, мұндай орталықтар «Қазақстанның халық банкі» АҚ мен ҰКП арасында қол қойылған меморандум негізінде әрбір ауданда ашылатын көрінеді. Оларда бизнесті мемлекеттік қолдаудың барлық қызметі ұсынылады. *Еуро-5 жанармайы енді елімізде де өндіріледі. Батыс Қазақстанда экологиялық жағынан таза өнім саналатын Еуро-5 жанармайын шығаруға арналған кешен құрылысы аяқталуға жақын. «Конденсат» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісовтің дерегінше, бірінші кезеңде жылына 200 мың тонна жоғары октанды этилсіз Ка5 бензинін өндіру жоспарда тұр. Ал екінші кезең аясында экологиялық таза дизель отыны шығарылады. Зауыт осы жылдың ІІІ тоқсанында іске қосылады деп күтілуде. *Ақтөбеде ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің көшпелі жәрмеңкелері басталды. Қала­лық әкімдік мәлім еткендей, шаһарға қарасты 5 ауылдық ок­ругте өтетін бұл шаралар ақ­пан және наурыз айларында әр сенбі сайын ұйымдастырылады. Жәрмеңкелерде негізгі азық-түлік өнімдері төмен бағамен сатылады. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі және «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.