11 Ақпан, 2015

Атқарушы директормен әңгіме

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ПарламентҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің атқарушы директоры, елші Гун Цзяньвэйді оның өтініші бойынша қабылдады. Сенат Төрағасы белгілі қытай дипломатын жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтай келіп, Қытайдың АӨСШК-ге та­быс­ты төрағалық еткенін атап өтті. Со­ның арқасында бұл форум бе­дел­ге ие болды және қауіпсіз­дік­ті қам­тамасыз етуде Азия құр­лы­ғын­дағы маңызды факторға айналды. Қ.Тоқаев Шанхайда өткен Азиядағы сенім шаралары мен ынтымақтастықты нығайтудың іс жүзіндегі тетіктері әзірленген АӨСШК-нің 4-ші саммитін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жоғары бағалайтынын атап өтті. Гун Цзяньвэй АӨСШК-ні одан әрі дамыту жоспары және оны Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымына өзгерту мүмкіндігі туралы хабардар етті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте LRT салынуы мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 19:34