05 Мамыр, 2015

Әкем жайлы толғаныс

411 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
УОС-ЦВҮлкен атам Қарымсақтан тараған әкем Кемелбек Аймағанбетұлы 1926 жылы Ақмола облысының Шнет ауылында дүниеге келіпті. Анасы Ақан (шын аты Рахима) айтып отыратын, сегіз құрсақ көтердім, содан қалған жалғыз тұяқ Кемелбегім, деп. Әкем әкесінен ерте айырылыпты. Ананың бар үміті бауырына басқан жалғыз ұлы болса керек, сөйтіп жүргенде алапат соғыс басталып, 1943 жылы небары 17 жасында соғысқа аттанады. Ал анасы Ақан Кемелбектің елге аман-есен оралуын Алладан тілеп қала берген. Әкем алты айлық фельдшерлік курсты бітірген соң алдымен Гер­манияның Кенигсберг қаласына, кейін жау оғынан жасырынған бір госпитальда жаралы солдат­тарды емдеуге жіберіледі. Талай сол­даттарды ажалдан аман алып қалады. Елден арагідік хат-хабар алып тұрған. Бірде өзі­нің құрдасы, бір ауылдың жігіті Қаратай да сол қалалардың бірін­де екенін біледі. Дереу хат жазып, жасы­рын, қаланың атын қазақ­ша Кемелбург деп хабарлайды. Ол да бірден түсініп, екеуі кездесіп, әңгімелеседі, бірге түскен суреттері де бар. Елімді, Отанымды сағынып жүргенде Қаратайды көргенде ерекше күйде болдым,  дейтін әкем. Небір қиындықтар артта қалды. Соғыс біткенімен де әкемді елге жіберген жоқ. Себебі, жаралы солдаттар көп еді. Қаратай да аман-есен оралды. Ал Берлинде тігілген Же­ңіс туын өз көзімен көрген менің әкем елге 1948 жылдың кү­зінде оралыпты. Әкем сержант деген әскери атақпен келген. Карымсаков КемелбекЕрлік ескерусіз қалмайды екен. Әкемнің соғыста да, соғыстан кейін­гі Жеңіс күнгі мерекелерде алған орден, медальдары же­терлік. Елге келгеннен кейін әкем отырып қалған жоқ. Колхоз жұмыстарына белсене аралас­ты. «Қызыл бұрышты» басқарды, орысша-қазақшаға өте сауатты болды. Ауыл жұмыстарында жас­тарды ұйымдастырып, шаруа­шылықтарды алға сүйреді. Сол сұрапыл жылдарда алған іс-тәжі­рибесін де жүзеге асырып, саквояж толтырылған дә­ріні арқалап, науқастарды да емдеді. Колхоз жұмысымен бірге дәрігерлік көмек те көрсетіп отырды, бұл менің борышым дейтін. Күні-түні ат үстінде жүрді. Колхозда бригадир болып еңбек етті. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» демекші, әкем 1951 жылы шаңырақ көтеріпті. 1952 жылдың күзінде тұңғышы – мен дүниеге келіппін. Бір отбасында жеті бала әжем, әкем және анамның арқасында өте тәрбиелі болып өстік. Анам Гүлбарам бүгінде Астана қаласында тұрады, зейнеткер. Тағдырдың маңдайға жазғаны ма, әкем Кемелбек 1967 жылы тамыз айында жол апатынан қайтыс болды. Әке бәйтерек болса, біз бұта­ғымыз һәм жапы­рағымыз. Үлкен атамыз Қарымсақтың ұрпағы бүгінде тамырын кеңге жайып келеді. Туып-өскен жерімізде Қа­рымсақ атамыздың атымен аталатын көл бар. Бұл да ата-бабамызға деген үлкен тағзым. Атадан балаға мирас. Әкеге баладан құрмет дейді. Мен де бүгін әкеме деген тол­ғанысымды қалам арқылы жеткізіп отырмын. Гүл КЕМЕЛБЕКҚЫЗЫ. АСТАНА.