11 Ақпан, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан мен Беларусь пре­зиденттері екіжақты ынты­мақ­тастық мәселелерін, сондай-ақ, Еу­разиялық экономикалық одақ ая­сындағы өзара іс-қимыл­дың перспективаларын тал­қы­лады. Екі елдің көшбасшы­лары ЕАЭО-ға мүше мемлекет­тер эко­но­микасындағы бірле­сіп ше­шуді қажет ететін пробле­маларға назар аударды. Сонымен қатар, мемлекет басшылары Украинадағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған «норманд форматындағы» келіссөздер Украина дағдарысын шешу жолдарын табу үшін мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.