Қоғам • 28 Наурыз, 2025

Он үш өңірде гидротехникалық құрылыстар жөнделді

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша 13 өңірде 43 іс-шара іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Он үш өңірде гидротехникалық құрылыстар жөнделді

Фото: Су ресурстары және ирригация вице-министрлігінің баспасөз қызметі

Нақты атағанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.

«Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту, жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сондай-ақ «Алва» лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жасалды», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.