Әлем • 28 Наурыз, 2025

Путин Украинаға уақытша билік енгізуді ұсынды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин белгілі мерзімге дейін Украинаны сырттай басқаруды талқыға салды. Бұл үдеріс сол жерде «заңды сайлау» өткізу мақсатында БҰҰ мен бірқатар елдердің қолдауымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Кремельдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Путин Украинаға уақытша билік енгізуді ұсынды

Фото: Кремль баспасөз қызметі

Путиннің сөзінше, Украинадағы азаматтық билік заңсыз орнағандықтан, яғни Зеленский легитимді басшы болмағандықтан, оның қарамағандағы күллі құрылым да заң шеңберінен тыс. 

«Шынтуайтында, БҰҰ, АҚШ, Еуропа елдерімен, сондай-ақ біздің серіктестерімізбен және достарымызбен Украинаға уақытша басқаруды енгізуді талқылауға болады. Бұл елде демократиялық сайлау өткізу үшін, билікке қабілетті және халықтың сеніміне ие үкіметті әкелу үшін, содан кейін олармен бейбітшілік шарты туралы келіссөздер бастау үшін қажет.

Тек қана сондай үкіметпен бүкіл әлемде мойындалатын заңды құжаттарға қол қоюға болады. Бұл БҰҰ жүйесінде бар тәжірибе»,  деді Путин Мурманскідегі «Архангельск» зымыран суасты крейсерінің экипажымен кездесу барысында.

«Украина Конституциясына сәйкес атқарушы билік өкілдерін Президент тағайындайды. Ал ол қазір қызметін заңсыз атқарып отыр. Егер президенттің өзі заңсыз болса, демек қалғандары да сондай», деді ол сөзін қуаттап.

Соғыс қимылдары туралы айта келіп, Путин «бүкіл майдан шебіндегі стратегиялық жоспар толығымен Ресей қарулы күштерінің қолында» деп мәлімдеді.