Бұл күндері облыс орталығындағы «Гофротара» ЖШС кәсіпорны қуаттылығын арттырды. Зауыт басшылығы 200 миллион теңгеден астам инвестиция тартып, гофро өнімдерінің ауқымын 2 миллион 1 мың шаршы метрге жеткізді. Жалпы, бұл жоба елімізде қабылданған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы барысында жүзеге асырылуда. Кәсіпорын жаңа технологиямен жұмыс жасайды. Нәтижесінде үш қабатты және шағын гофрр қатты картон қағаздар шығару мүмкіндігіне ие болды. Кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта Ресей, Орталық Азия нарығына шығуды жоспарлап отыр. Өндірісте 100 адам жұмыс жасайды.
– Бәсекеге қабілетті өнімге әрқашан сұраныс бар. Елбасы еліміздегі кәсіпкерлік ұлттық экономиканың ілгерілетуші күшіне айналуға тиіс деп шағын және орта бизнестің үлесін кемінде екі есеге арттыру қажеттігін міндеттеп отыр. Ал, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. Еліміздің өсіп-өркендеуіне жол ашатын интеграциялық ұйымға бірігуді, әрине, біздің кәсіпорын өкілдері де қолдайды. Одаққа мүше елдердің арасында бәсекелестік күшейіп, сапалы өнімдердің көлемі арта түседі. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке жол деген сөз. Шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді. Тауар өндіру бір басқа, оны сату бір басқа. Өнімімізді өткізе алатын үлкен нарық керек. Жалпы, Ресей және Белоруссия елдерімен қосылып, сауда-саттық жолында шекарамызды ашқанымыз отандық кәсіпкерлер үшін тиімді. Кеден одағы құрылмай тұрған кезде тауарларымызды шетелге өткізуге еркіндік аз еді, дейді кәсіпорын басшысы Гүлнәр Қайдарова.
Гүлнәрдің айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының кәсіпкерлерге көмегі тиіп, жеңілдетілген несиеге қолдары жетіпті. Қазір кәсіпорын 2006 жылы алғаш ашылған жылдарға қарағанда өндірісін бұрынғыдан 2-3 есе ұлғайтыпты. Өйткені, жаңадан алынған құрал-жабдықтар зауыттан шығатын қағаз өнімдерінің сапасын жақсартты. Қатты қағаздардан, яғни гофрокартоннан бір-бірімен жалғасқан автоматты құрылғылардың соңына дейін аралап шыққанда не жасалып жатқанын көзіңмен көресің. Ғажайып шетелдік автоматты құрылғылар бірі қағазды қиып, екіншісі өрнектеп, үшіншісі бүктеп, күнделікті көріп жүрген жұмыртқа салатын гофрокартон қорапшалар жасап шығады. Цех іші таза, жарық. Автоматты желімен басқарылатын жаңарған, жаңа заман кәсіпорны деген осы. Ұзын желінің бір басына қойылған қағаз орамасы арнайы қондырғылар арқылы ширатылып, кесіледі де, екінші шетіне дайын қорап түрінде шығады. Желі бойында қалған қағаз қалдықтары жиналып алынады. Қайта өңдеуден өткізіп, өндіріске жаратады. Жаңа технология арқасында «Гофротара» серіктестігі бүгінде еліміздің қағаз өнімдері рыногының 20 пайызын алып отыр. Бүкіл облыстармен жұмыс жасайды. Кәсіпорын өнімдеріне қызығушылық танытқан Ресей, Тәжікстан бизнес өкілдері де келіп кетіпті. Гофрокартоннан жасалған қорапшалар сапалы, бағалары жоғары. Өйткен, қорапшалар жасалатын қағаз құрамында целлюлоза бар. Ол Ресейден жеткізіледі. Гүлнәр алдағы уақытта тетрапак қораптарын шығаруды қолға алмақшы. Қазір гофрокартон өнімдері, еліміздің құс фабрикаларына қажетті жұмыртқа салатын шұңқырлы қорапшалар, азық-түлік қораптары жасалады. Мысалы, Қарағанды, Қостанайдың кәмпиттерін цехтардан оралып шыққаннан кейін павлодарлық «Гофротара» серіктестігі шығарған дайын қораптар күтіп тұрады. Шағын кәсіпорын отандық рынокта жұмыртқа қорапшаларын шығару арқылы танылды.
– Алғашында небары 100 мың шаршы метр қағаз орамдарын шығардық. Көбі жарамсыз қалатын, өндірістік желі ескі болды. Ал, қазір гофро-жұмсақ-бүртік картон жасайтын заманауи жоғары технологиялық желі жүйесінде жұмыс жасайды. Кәсіпорын алдында жоспар-жобалар тұр. Сұраныс көп.Тапсырыс көбейген сайын кәсіпорын тіршілігі де алға басуда. Сондықтар, біздер секілді кәсіпорындар, шағын және орта бизнес Еуразиялық экономикалық одақ аясында жаңа қарқынға ие болады деп ойлаймын. Экономикалық ықпалдастықтың бізге, кәсіпкерлерге басты нәтижесі сол – онда кең ауқымды нарық ашылады. Бәсекелестік пайда болады, бір сөзбен айтқанда, бизнес дамиды, – дейді кәсіпкер Гүлнәр Қайдарова.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21