Биыл еліміз үшін үлкен мерейтойлық мерекелерге толы жыл. Әсіресе, мамыр айында айтулы мерекелер аталып өтіледі. Соның ішінде мерейтойлардың негізгі дені еліміздің бас қаласы – Астанада өткізілері тағы белгілі. Кеше елорданың бір топ жауапты қызметкері осыған орай арнайы баспасөз мәлихатын өткізіп, бірқатар түсініктер бере кетті.
Астана қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина биыл Отан қорғаушылар күні және де Отан соғысының Жеңісіне 70 жылдығы аталып өткелі жатқандығын ерекше атады. Оның айтуынша, мамырдың 7, 8 және 9-ында Астана қаласының мәдени ошақтарында елуден астам іс-шара өткізіледі. Соның ішінде ең маңыздысы 7 мамырда өтетін Әскери шеру болмақ. Қалалықтар мен келген қонақтар үшін елорданың ашық алаңдарында үлкен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, оларда отандық эстрада жұлдыздары өз өнерлерін паш ететіні аталмай қалған жоқ. Ал 8 мамырда қаладағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімдері орын алатыны да алға тартылды. Н.Мұхамбеталина, сонымен қатар, Конгресс-холда «Поклонимся к тем годам» атты концерттің орын аларын да жеткізді. Бұдан кейін сөз алған Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейірлан Нарынбетов ардагерлерді пәтермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін тапқанына назар аудартты. Оның сөзіне қарағанда, 20 сәуірде соңғы 6 пәтер бөлініп, олар еліміздің өңірлерінен қоныс аударған ардагерлерге беріліпті. Және де тұрғын үй және тұрмыстық жағдай бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесінде 84 ардагердің баспанасына түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, М.Нарынбетов Мәскеудегі парадқа Қазақстаннан 6 ҰОС ардагері барарынан хабардар ете кетті.
7 мамырда елордадағы өтетін әскери шеру кезінде бірқатар шектеулердің орын алары да аталмай қалған жоқ. Астана қаласы ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясы басқармасының басшысы Бақытжан Малыбаев таңғы 6-дан түскі 14:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы бойымен Б.Момышұлы көшесінен Ш.Қалдаяқов көшесіне дейін; Ш.Қалдаяқов көшесімен М3 көпірі жол айырығынан бастап Обаған көшесіне дейін; Р. Қошқарбаев көшесі бойымен Б. Момышұлы көшесінен бастап Сарыкөл көшесіне дейін жабылады. Айнакөл көшесі бойымен Сарыкөл көшесінен бастап Нәжімеденов көшесіне дейін көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Сондай-ақ, 4-7 мамыр аралығында Әскери шеруге дайындықтың өтуіне байланысты Тәуелсіздік даңғылымен А. Байтұрсынов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін жабылатын болады. Сондықтан да қала және қала қонақтары бұл жайттарға түсіністікпен қарауы керек. Әскери шеру өткізілетін күні қалалық ішкі істер департаментінің 3 мыңға тарта қызметкерлері мен 180 көлігі жұмылдырылары да алға тартылды. Қалалық көлік-автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әбдіхамит Тамабаев автобустар маршрутының өзгерісін хабарлады. Ол бұл ретте әскери шерулердің өтуіне байланысты тек жабылған көшелерде жүретін автобустардың маршруттары өзгерерін алға тартты. Әскери шеру бітісімен автобустар баяғы маршруттарымен жүре бастайды.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15