Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен «ТКШ-ны дамыту және жаңғыртудың қазақстандық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Сергей Шайжүнісов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселесі сөз болды.
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылу және сумен жабдықтау, сондай-ақ су бұру жүйесін жаңғыртуға 450 млрд. теңге бөлінетін көрінеді. Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған мақсаттарға жалпы алғанда 450 млрд. теңге бөлінеді. Ол қаржының 60 млрд. – 2015, 90 млрд. теңгесі 2016 жылы игеріледі. Ал, 2017-2019 жылдары жыл сайын бұл салаға 100 млрд. теңгеден бағытталатын болады. Осы кезде жергілікті әкімдіктер жалпы сомасы 269,4 млрд. теңгені құрайтын 200 жобаны ұсынып отыр. Ағымдағы жылы аталған жобаларды жүзеге асыру үшін 60 млрд. теңге бөлінгендіктен еліміздің барлық өңірінен 96 жоба іріктеп алынды», деді вице-министр.
Бүгінгі күні Қазақстандағы жылумен жабдықтау инженерлік желілерінің жалпы ұзындығы 12,5 мың шақырымға жетеді екен. Оған қоса, газбен 29,4 мың, электр энергиясымен жабдықтауда 136,6 мың шақырымды құрайды. Бұдан бөлек қуаты 100 гигаколорияға дейінгі 5 646 қазандық бар. Одан үлкен қазандықтар Энергетика министрлігінің құзырына кіреді. Осы мәліметтерді алға тартқан спикер саладағы шешімін күткен түйінді мәселелерге де назар аудартты. Осы орайда еліміздегі сумен жабдықтау желілерінің шамамен 24 пайызы күрделі жөндеуді қажетсінетінін айтты. «Республикадағы сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 61 мың шақырымды құрайды. Оның 24 пайызы күрделі жөндеуді немесе толығымен ауыстыруды қажет етеді. Сондай-ақ, су бұру жүйесінің ұзындығы 15 мың шақырымға тең. Статистикалық деректерге сүйенсек, біздің халқымыздың саны 17, 4 млн. адамды құрайды. Оның 13,4 млн. адамы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның 86 пайызы қала тұрғындары болса, ауылды жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған халық саны 5,2 млн. адам. Ал, жекелеген сумен жабдықтау жүйесін 3,9 млн. азамат пайдаланады», деді Қ.Өскенбаев.
Баспасөз мәслихатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инженерлік инфрақұрылымдарын жаңғыртуға халықаралық институттардың қаржысы тартылатыны да айтылды. «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, халықаралық қаржы ұйымдарының есебінен де қаржыландыру болжанып отыр. Қазіргі қолда бар жобаларға таяу жылдардың ішінде шамамен 20 млрд. теңге тартуды жоспарлап қойдық. Мұнымен бірге, 2016 жылға да дәл осындай көлемде субсидия бөлу немесе инфрақұрылымдық гранттар тарту көзделген. Бұл шара еліміздің халқы үшін тарифтердің өсіміне жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр. Субсидия берудің ережесі әзірленуде. Біз оны халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жасаудамыз. Қазіргі уақытта аталған ереже келісілуде. Бұйыртса, ол жақын күндері қабылданып, бекітілетін болады», деді С.Шайжүнісов бұл туралы.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген екі спикер де алдағы уақытта ТКШ саласында халыққа тиімді өзгерістер орын алып, көптеген игі шаралар атқарылатынын айтты.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15