05 Мамыр, 2015

Уақыт аз. Кеш қалмаңыз

256 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
55-2Президенттің баспасөз қызметі 2015 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары, гранттары және Алғысы туралы хабарлама жариялады. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Мем­лекет басшысының 2015 жылғы БАҚ саласындағы сыйлық­тары мен гранттарын, сондай-ақ, Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын хабарлайды. Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақ­­тар, қоғамдық бірлестіктер, мем­лекеттік органдар ұсына алады. Алғыс жариялауға шығар­ма­шылық ұжымдарды шығарма­шылық одақтар, қоғамдық бірлес­тіктер, мемлекеттік органдар ұсы­на алады. Әрбір бұқаралық ақпарат құ­ралы, шығармашылық одақ, қо­ғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы. Сыйлықтар, гранттар алуға үміткерлердің және Алғыс жа­рия­лауға шығармашылық ұжым­дардың өзін өзі ұсынуына жол берілмейді. Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұқаралық ақпарат құ­ралының, шығармашылық одақ­тың, қоғамдық бірлестіктің, мем­лекеттік органның ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған (А4 пішімдегі көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным жолданады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады: - сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ атқаратын лауазымы көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама; - сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердің шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы; - жарияланымдар мәтіндері немесе аудио және (немесе) бейне­материалдар; - негізгі жарияланымдарының тізімі және (немесе) олардың көшірмелері. Алғыс жариялауға шығар­машылық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мемлекеттік орган­ның ресми бланкісіне жазылған бі­рінші басшы немесе оның ор­нындағы адам қол қойған бұқа­ралық ақпарат құралының қызметі туралы (А4 пішімдегі көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным ұсынылады; Конкурсқа мән-маңызы жоғары негізгі жарияланымдар немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар ұсынылады. Қарауға 2014 жылғы 1 маусым мен 2015 жылғы 1 маусым аралығында жарияланған және (немесе) эфирге шыққан материалдар қабылданады. Сыйлықтар, гранттар алуға және Алғыс жариялауға ұсыныл­ған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды. Кітаптар БАҚ саласындағы наградалар алуға ұсынылған материал ретінде қарастырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады. Мемлекет басшысының сыйлық­тарын, гранттарын алуға және Ал­ғысын жариялауға ұсыным­дарды Қоғамдық комиссияның төрайы­мы – Қазақстан Республи­касының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана, Сол жағалау, «Ақорда» Резиденциясына 2015 жылғы 5 маусымға дейін жолдау қажет.