Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролды қабылдады, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Мәжіліс Спикері мейманды елшілік қызметке тағайындалуымен құттықтай келіп, екі ел арасындағы өзара түсіністік пен саяси үнқатысудың алдағы уақытта одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Кездесуге қатысушылар иелері Қазақстанда өткен президенттік сайлауға айрықша назар аударды.
Қабиболла Жақыпов қазақстандықтардың Нұрсұлтан Назарбаевқа деген шексіз қолдауы мен сайлаушылардың жоғары белсенділігін алға тарта келіп, Қазақстан халқы Елбасының саяси бағытын жалғастыруға, бейбітшілік пен тұрақтылыққа дауыс бергенін атап өтті.
Елші өз кезегінде қазақстандықтарды халықтың шынайы тілегін жеткізген сайлаудың табысты өтуімен құттықтап, одан әрі Қазақстанның бүгінгі күні таңғаларлық жетістіктерге қол жеткізгенін, Президент жоспарының біздің еліміз үшін дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын жеткізді.
Тараптар Елбасы бастамашы болған 5 институттық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, оны кезең-кезеңмен жүзеге асыруды Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қолға алады.
Қабиболла Жақыпов пен Джордж Крол қос мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда, технология және инновация бағыттарында, сондай-ақ, парламентаралық ынтымақтастықты күшейту әлеуетінің зор екендігін сөз етіп, қазақстандық-америкалық қарым-қатынастың стратегиялық сипатына назар аударды.
Мәжіліс Спикері елшіні Қазақстанда «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы Жол» аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардан хабардар етті.

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15