Бокс • 01 Сәуір, 2025

Астанадағы кәсіби бокс кешін Сабырхан-Тордесилья бастайды

1369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 сәуір күні «Барыс аренада» өтетін кәсіби бокс кешінде Махмұд Сабырхан колумбиялық Николас Тордесильяға қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Nomad проумоушені хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы кәсіби бокс кешін Сабырхан-Тордесилья бастайды

Фото: sports.kz

Сабырхан - Тордесилья жекпе - жегі екінші жеңіл салмақта 55,3 кг дейін өтеді. Бұл Сабырханның кәсіби рингтегі дебюті болмақ. 

Ал оның қарсыласы бұған дейін екі кездесу өткізіп, екеуін де нокаутпен жеңген. 

Бұл жұп бокс кешінде бірінші болып рингке шығады. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. 

Кештің басты кездесуі IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеу иегері Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анауэль Нгамиссенгу арасында өтеді.