Ауа райы • 02 Сәуір, 2025

Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі деген болжам жасады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында жел соғып, найзағай ойнайды.

Петропавл қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел, тұман, жаңбыр күтіледі.

Көкшетау қаласында, Жетісу, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Өскемен, Семей, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жел соғып, тұман түседі.