Аймақтар • 08 Сәуір, 2025

Павлодарда Ертіс арқылы өтетін үлкен көпір уақытша жабылды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығынан Астана бағытында шығатын автокөпірді жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда Ертіс арқылы өтетін үлкен көпір уақытша жабылды

фото: pavon.kz

Ертіс өзені арқылы өтетін автокөлік көпірінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 11 сәуірге дейін жеңіл автокөліктер үшін қозғалыс шектелді.

«Павлодар - Астана» автокөлік жолының маңызды бөлігі - Ертіс өзенінен өтетін көпір үстіндегі жол жабынын жөндеуге байланысты 8 сәуірден бастап көпірде жеңіл көліктерге уақытша шектеу қойылды. 11 сәуірге дейін көпір үстінде реверсивті қозғалыс күшінде болады. Ал қоғамдық көлік бұрынғы тәртіппен қатынай береді. Жеңіл автокөліктер үшін қозғалыс Кенжекөл ауылы жағынан ашық болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның өңірлік филиалынан.

Аталған ескі көпірдің пайда болғанына 60 жылдан астам уақыт өткен. Өткен жылдан бастап жаңа көпірдің құрылысы қолға алынып, ол ескі көпірдің дәл жанынан тұрғызыла бастады. Құрылыстың құны - шамамен 79 млрд теңге.

 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025