Қылмыс • 08 Сәуір, 2025

Есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі таратуға қатысы бар екі күдіктіні, ерлі-зайыптыларды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Құқық қорғаушылар Нұршашқан шағын ауданындағы тұрғын үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі, орау материалдары, электронды таразылар мен криптографиялық құрылғыларды тәркіледі.

«Қазіргі таңда есірткі саудасына жастардың, әсіресе ерлі-зайыптылардың көбірек тартылатыны байқалады. Олар жасырын интернет арналары арқылы ұйымдасқан көлеңкелі нарыққа кіріп кетіп жатыр. Біз бұл қылмыстық тізбектерді тоқтатып, барлық қатысушыларды жауапқа тарту үшін барлық күшімізді жұмсап жатырмыз», деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.