Оқиға • 09 Сәуір, 2025

Астанада жатақхана отқа оранды

1226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Сарыарқа ауданының Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгісіндегі жатақхана ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жатақхана отқа оранды

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткен кезде өрт 6-қабаттағы мансардтан шыққаны белгілі болған. Қабат түгелдей отқа оранған.

«Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді. Барлығы 540 адам, ТЖМ күшімен 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Өрт 1600 шаршы метр алаңда толық сөндірілді», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт зерттеу сынақ зертханасы мен ТЖД анықтау бөлімінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.