Алматылық Димаш Әділет Ұлыбританиядан Instagram әлеуметтік желісі туралы деректі фильмге түсуге шақырту алды. Фильмде желі арқылы танымал болған адамдар жайлы баяндалады.
Димаш Instagram-ға осыдан үш жыл бұрын тіркелген. Бастапқыда күнделікті суреттерін жүктеп, өміріндегі қызықтар мен алған әсерлерін ортаға салып отырған. Уақыт өткен сайын жазылушылары көбейіп, танымалдығы арта түседі.
«Танымал болуды мүлдем ойлаған жоқпын. «Көппен көрген – ұлы той» демекші, елмен бірге тіркелдім. Ал парақшама жазылушылардың саны артқан кезде желіні мүлдем басқа мақсаттарда пайдалануға болатынын түсініп, белсенділік таныттым. Атап айтқанда, жарты жыл бұрын жазбаларымның форматын өзгерттім. Енді тек суреттер ғана емес, әртүрлі тақырыпта шағын әңгімелер жазып, жариялай бастадым. Нәтижесінде, оқырмандарымның саны бұрынғыдан да еселене түсті», – дейді Димаш.
Бүгінде ол Швейцарияда білім алып жүр. Сондықтан оған жазылушылардың қатарында ағылшынтілділер өте көп. Соны ескеріп өзі де жазбаларын орыс және ағылшын тілдерінде жариялайды.
Қазақ жастарының ешкімнен кем емес екенін дәлелдегісі келетін Димаш қатарластарының рухы асқақ, намысы биік және білімді болғанын қалайды.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25