Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директоры Ахмет Узюмджюді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келген мейманмен кездесуде Сенат Төрағасы Тоқаев аймақтық және халықаралық қауіпсіздік құрылымын қалыптастыруда Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қ.Тоқаев Сирияда химиялық қаруды жою аясында әлемдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының тиімді қызметіне ерекше тоқталды. «Осыған байланысты сіздің ұйымның ең беделді марапат – «Бейбітшіліктің Нобель сыйлығымен» марапатталуы әлем қоғамдастығы тарапынан Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының жемісті қызметінің мойындалуы болып табылады», – деді Сенат Төрағасы.
Қарусыздану саласындағы аймақтағы Қазақстанның жетекші рөлін атап өте келіп, А.Узюмджю Қазақстан мен Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы арасындағы ынтымақтастықты өрістетудің зор әлеуеті бар екенін айтты.
Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келіп, жүздесушілер Қазақстанда Химиялық қауіпсіздік орталығын құрудың және биылғы шілдеде Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының белсенді қолдауымен командалық-штабтық жаттығу өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Қ.Тоқаев, сондай-ақ, А.Узюмджюге Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтып, еліміздегі ішкі саяси жағдаймен таныстырды.
Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Бас директоры сайлаудағы сенімді жеңісіне байланысты Президент Н.Назарбаевқа құттықтауын жолдады.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше