АСТАНА. 6 мамыр. Түнде УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық бәсекесі басталды. Италияның Турин қаласында жергілікті «Ювентус» Мадридтің «Реалын» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ойын тең дәрежеде өрбіді. Алғашқы таймда испандардың басымдығы байқалғанымен, кездесудің екінші бөлігінде алаң иелері белсенділік танытты. Матч барысында қос команда да 12 мәрте қақпаға соққы жасап көрді. Ал тура соққы жөнінен «Ювентус» басым түсті (7:3). Допқа иелік ету көрсеткіші бойынша мадридтіктер сәл ғана басымдық танытты (52% – 48%). 90 минуттың ішінде италиялықтар бір-ақ рет бұрыштан допты ойынға қосса, «Реал» ойыншылары мұндай мүмкіндікке 5 мәрте ие болды. Қос команда арасындағы қарымта кездесу 13 мамырда Мадридте өтеді. Бүгін түнде жартылай финалдың екінші жұбы «Барселона» мен «Бавария» алғашқы ойындарын өткізетінін айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: championat.com. «Ювентус» (Турин, Италия) – «Реал» (Мадрид, Испания) 2:1 (1:1) 5 мамыр. Турин. «Ювентус» стадионы. 41 254 көрермен. Төреші: Мартин Аткинсон (Англия). «Ювентус»: Джанлуиджи Буффон, Штефан Лихтштайнер, Патрис Эвра, Леонардо Бонуччи, Джорджо Кьеллини, Андреа Пирло, Клаудио Маркизио, Артуро Видаль, Стефано Стураро (Андреа Барцальи 64), Карлос Тевес (Роберто Перейра 86), Альваро Мората (Фернандо Льоренте 78). «Реал»: Икер Касильяс, Даниэль Карвахаль, Марсело, Пепе, Рафаэль Варан, Серхио Рамос, Тони Кроос, Иско (Хавьер Эрнандес 63), Хамес Родригес, Гарет Бэйл (Хесе 86), Криштиану Роналду. Голдар: Альваро Мората 8, Карлос Тевес (пенальти) 57 – Криштиану Роналду 27. Ескертулер: Леонардо Бонуччи 5, Карлос Тевес 46, Артуро Видаль 56, Джорджо Кьеллини – Марсело 57, Даниэль Карвахаль 75, Хамес Родригес. 
Спорт • 06 Мамыр, 2015
Чемпиондар лигасы. «Ювентус» «Реалдан» басым түсті
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12