06 Мамыр, 2015

Қазақстанда екінші адам

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
байтурсынРесей Суретшілер академиясының құрметті мүшесі атанды Танымал қылқалам шебері, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы, өнертанушы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өмірбеков таяу күндері Ресей Сурет­шілер академиясының құр­­метті мүшесі атанды. Ол Қа­зақ­­станнан осынау атақ­қа ие болып отырған екінші адам. Сурет өнері әбден дамыған Ресей қылқалам шеберлері тарапынан мойындалған Байтұрсын Өмірбеков көптеген ғылыми ма­қа­лалар мен кітаптардың жә­не «Түрлі түстердің тілдегі көрі­нісі», «Кеңістіктегі түр түс» ат­ты оқу құралдарының авторы. Байтұрсын Есжанұлы 1994 жылдан Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының директоры болып қыз­мет атқарып, ұлт­тық музей ісі­нің бір із­ділікке түсуіне ең­бек сі­ңірген адам. Су­ретші 2009 жы­лы сәуір­де Қа­зақстан Сурет­ші­лер ода­ғының XVI съезінде сол ұйым­ның бас­қар­ма төрағасы болып сайланды. Өнертану профессоры 2002 жы­лы ЮНЕСКО жанын­дағы Халықаралық музейлер кеңесінің қазақстандық ассоциациясын құрып, оның президенттігіне тағайындалды. 1999 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» ата­ғы берілді. Сол сияқты суретші Украи­на Суретшілер одағының құр­метті мүшесі, ЮНЕСКО жә­не ИСЕСКО іс­тері жөніндегі Ұлт­тық комиссияның мү­шесі, Қазақ­стан Рес­публикасында қой­ы­латын ескерткіштер мен мо­нументтерді сараптау комис­сия­­­сының мүшесі, АІСА Халық­ара­лық өнертанушы-сын­­­­шылар ассоциа­циясының мүшесі екенін айта кету керек. Оған қоса, «Орал Таң­сық­баев» альбомы үшін «Астана Бәйтерек» республикалық кон­курсының лауреаты атанған. Бұл күнде ол Қазақстан өне­­рін насихаттау мен ұйым­дас­тыру ісіне белсене араласып жүрген тұлғалы азамат. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.