Өнер • 01 Мамыр, 2025

Майдангер салған суреттер

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық соғыс ардагері Андрей Шаров күні бүгінге дейін қылқалам ұстап, сурет ­салады. 99 жастағы қарт майдангер өз туын­дыларына қарапайым картон мен арзан бояу­ларды пайдаланады.

Майдангер салған суреттер

Қылқалам шебе­рі­нің қолынан шық­қан көркем дүние­лердің қатарында майдан суреттері, әлемге танымал картиналардың көшір­мелері, пейзаждар, әр кезде жергілікті басылымдарда жарияланған карикатуралар бар. Ардагердің еңбек, бейбітшілік, жеңіс тақыры­бына салған плакаттары музейде сақтаулы тұр.

п

Андрей Яковлевич 1943 жылы 17 жасында әскерге алынып, Батыс Украинадағы 88-шекара отрядында радист қызметін атқарады. Партизандар мен барлау­шы топтар арасында байланыс орнатып, талай ма­ңызды операцияның сәтті ұйымдастырылуына атсалысады. Соғыстан кейін де 1950 жылға дейін шекара қызметін­де болады. 1956 жылы Қостанайдағы тұрмыстық фабрикаға суретші болып жұмысқа тұрады.

пр

«Окопта жатып қағазға қара қарын­дашпен салған суреттерімнің көбі жоғалып кетті. Үйде соғыста салған біраз эскизім сақтаулы тұр. Өрт сөндірушілердің ерлігі бейнеленген картиналарым да бар», дейді майдангер.

ти

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше