Астанадағы Ұлттық музейде «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында танымал фотосуретші, Журналистер одағының мүшесі, Славян мәдени орталығы басқармасының мүшесі Александр Пархоменконың «Менің Отаным – Қазақстан» атты жеке көрмесі ашылды.
«Бұл көрменің тарихи маңызы зор. Себебі, ол Қазақстандағы Ассамблея жылына орай өткізіліп отыр. Және көрме халықтар достығын, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрін және берекесі мен бірлігін насихаттайтындығымен ерекшеленеді», – деді Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков.
«Музей – тарихтың айнасы. Ол қоғамдағы ойды, өркениеттің өзегін қозғайтын жер. Сондықтан музейдегі әрбір оқиға – тарих болып табылады. Өздеріңіз білесіздер, жуырда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға маңызды міндеттер қойып: «Біздің баға жетпес байлығымыз – қоғамдағы татулық пен келісім» деді. Бүгінгі көрме Елбасы сөз еткен келісім мен татулыққа арналған. Көрмеге қойылған суреттерде адамдардың көңіл-күйі мен мінезі көрініс тапқан. Бұл – көрме иесінің шеберлігінің белгісі», – деді Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай.
«Бұл менің Астана қаласында өтіп жатқан үшінші көрмем. Біріншісі, Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында, екіншісі, Бейбітшілік және келісім сарайында болған. Енді, міне, Ұлттық музейде ұйымдастырылып отыр. Әр көрменің өзіндік тақырыбы бар. Бүгінгі көрме еліміздің екі бірдей айтулы мерекесіне арналды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы. Екі мерекенің де халқымыз үшін маңызы ерекше. Өз суреттерімде сонау қиын-қыстау жылдардағы аталарымыздың ерлігін, биік рухын бүгінгі ұрпағына жеткізгім келді», – деді Александр Пархоменко көрмеге келген қауымға.
Фотосуретшінің өнерге деген қызығушылығы мектеп қабырғасынан басталып, әрі қарай оның өмірдегі басты құштарлығына айналды. А.Пархоменко 1975 жылдан бастап көркем фотосуреттер көрмелеріне белсенді қатысып келеді. Осы жылдар ішінде ол көптеген байқаулардың жеңімпазы болып, Мәскеу, Алматы және басқа да қалаларда, сондай-ақ, Испания, Франция, Сингапур, Румыния, ГФР, Венгрияда өткен халықаралық көрмелерге қатысыпты.
А.Пархоменко өз туындыларын – фотосуреттерді кенепке басып шығару жолымен жасайды екен. Осы суретте бейнеленген сәтті тереңдете түсу үшін қылқаламның көмегіне жүгініп, түрлі-түсті бояуды асқан шеберлікпен пайдаланады. Пейзаж, натюрморт немесе портрет болсын, фотосуретші көркемсурет өнерінің графика, кескіндеме сынды алуан түрлерін ұштастыра отырып, сонымен қатар, голография тәсілін қолданып, фотосуреттің керемет мүмкіндіктерін ашуға талпынады.
Көрмеге Александр Пархо-
менконың Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдерінің өзіне тән ерекшелігін, ұлттық мәдениеттердің сан алуандығын, мерекелері мен салт-дәстүрлерін бейнелейтін 100-ден астам еңбегі қойылыпты.
Бүгінде Александр Пархоменко Павлодар мемлекеттік университеті жанынан құрылған дизайн факультеті студенттеріне және Павлодар қаласының көркемөнер колледжінде шәкірт тәрбиелеп, фотосурет шеберлігінің қыр-сырымен бөлісуде. Оның 1994 жылы ашылған «Profi» фотостудиясы Қазақстан жайлы кітаптар мен фотоальбомдарды басып шығару мен көркемдеу жұмыстарына қатысыпты. Көрме 2015 жылғы 24 сәуір мен 14 мамыр аралығында өтетінін еске сала кетсек дейміз.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12