Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын тойлайтын күн жақындаған сайын менің де жүрегім лүп-лүп етеді. Себебі, менің жан әкем Отан қорғау жолында болған осы қанды майданның бел ортасында болып, Ұлы жеңіске өзінің айтарлықтай үлесін қосқан. Сондықтан, халқының бостандығы мен бақыты жолында күрескен аяулы адамнан туғанымды мақтан тұтамын.
Менің әкем Қабдолла Меңдекин 1924 жылы Семей облысы Абай ауданы Құндызды ауылында туған еді. Ол 1943 жылы әскер қатарына алынғаннан кейін Өзбекстанның Самарқан облысындағы әскери оқу орталығында артиллерист және байланысшы мамандығымен қоса кiшi командирлер курсын бітіріп, ұрыс даласына аттанған. Соғыста Кеңес Одағының Маршалы К.Рокоссовский қолбасшылық жасаған Екінші Белоруссия майданы әскерлері құрамында болып, Украина, Польша және Германия жерлерін азат етуге қатысқан. Соғыстағы көрсеткен epлiгi үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік epлiгi үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталып, майдан саяси басқармасының бастығы, генерал-майор Субботиннің қолынан бірнеше алғыс хат пен мақтау қағаздарын алған.
1947 жылдың басында елге оралып, 1948 жылы анамыз Бәтима Келбетовамен отбасын құрған. Әкем 1947-1951 жылдары Аякөз ет комбинаты кадр бөлімінің бастығы, 1951-1955 жылдары Аякөз ауданы «Қарақол» совхозы жұмысшылар комитетінің төрағасы, Жүзағаш ауылдық кеңесінің төрағасы, «Шолпан» совхозы партия комитетінің хатшысы, 1955-1961 жылдары Аякөз аудандық партия комитетінің жанындағы «Бiлiм» қоғамының төрағасы, Аякөз қалалық тұтынушылар қоғамы мен коммуналдық шаруашылық мекемесінің бастығы, 1961-1970 жылдары Таңсық ауылдық тұтынушылар одағының бастығы, «Қарақұм» қамыс зауытының директоры, «Овцевод» совхозы партия комитетінің хатшысы қызметтерін аткарған.
Мен білетінде әкем іске қабiлеттi, принципшіл коммунист-майдангер еді. Қай салада еңбек етсе де мінсіз, батыл да адал қызмет атқарып, халқының құрметіне бөлене білген екен. Соғыс зардабын, қатал майдан жолдарын басынан кешкеннен болар, аяулы әкеміз бар болғаны 46 жыл өмір сүріп, өмірден өтіп кетті. Бұл күнге әкеміздің артында 9 баламен жастай қалған анамыздың тәрбиесін көрген біздер жеттік. Бәріміз таңдаған мамандықтарымыз бойынша жоғары және арнаулы орта білім алып, өмірден өз орнымызды таптық.
Бәрі жақсы. Тек әкеміздің осы күнге жете алмай, жастай кетіп қалғаны ғана қинайды. Сол себепті, Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында әкемді сағынышпен еске алып отырмын.
Тілеуғайша МЕҢДЕКИНА.

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12