«Бекіре-2015» акциясы басталғалы, 1 сәуірден бері қарай 226 табиғат қорғау заңнамасының бұзылғандығы анықталса, оның ішінде балықты заңсыз аулаудың – 198, балықты заңсыз тасымалдаудың 20 фактісі тіркелген. Аталған заң бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке 171 адам тартылған. Сондай-ақ, 28 қылмыстық іс қозғалып, 51 материал сот органдарына жолданды.
Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, балық қорғау инспекторлары браконьерлерден 27 тонна балық, оның ішінде, 1 тонна бекіре балығы, шамамен 18 кило уылдырық, 1200 балық аулау мен 176 жүзу құралдарын тәркілеген. Жалпы, мемлекет бойынша балық қорғау инспекторлары 2014 жылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6764 хаттама толтырып, 979 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 50 адам сотпен қылмыстық жауапкершілікке жазаланды, деді Е.Нысанбаев.
Сонымен қатар, бекіре балығын заңсыз аулағаны үшін 2000 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылып отырғанын атап өтті. Және де осындай заң бұзушылық аясында табиғатқа көлемді залал келтірілген жағдайда, сондай-ақ балық аулау ұйымдасқан түрде іске асса, ол кезде 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын болады, деді вице-министр.
Республикада 35-ке жуық балық өсіру кәсіпорындары бар. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасында тауарлық балық өсіруді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған, дей келе вице-министр Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын, әсіресе, бекіре тұқымдас балық түрлерін сақтауға зор мән беріліп отырғандығын көлденең тартты. Осыған байланысты 2010 жылы Каспий теңізімен шекаралас мемлекеттердің үшінші Саммиті өткеннен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау келісімін талқылауды жалғастыруды, сондай-ақ 5 жыл мерзімге дейін Каспийде бекіре балығын коммерциялық аулауға мораторий енгізу механизмін әзірлеуді тапсырған болатын, деді.
Осының аясында өткен жылдың қыркүйек айында Астрахань қаласында бұл келісімге Каспий теңізімен шекаралас 5 мемлекет қол қойды. Балық шаруашылығын одан әрі дамыту, қолданыстағы нормативтік-құықтық базаны жетілдіру мақсатында, Үкіметтің 2015 жылғы заң жобалары жоспарына сәйкес министрлік Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Құжат Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау мәселесін, сондай-ақ, ортақ биологиялық ресурстарды басқаруды реттейді. Қазіргі таңда еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі келісімнің күшіне енуіне қажетті рәсімдер әзірлеуде, деді Е.Нысанбаев.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

Елімізде 59 адамға құны 79 млн теңге тұратын операция тегін жасалды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 17:13
Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елімізде тек шетелдіктер кіре алатын казинолар салынады
Қоғам • Бүгін, 16:45
Қоғам • Бүгін, 16:32
Түнгі уақытта бақылаусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Алматыда шетелдік азамат есірткімен ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:12
Сеулден Астанаға бет алған ұшақ Бейжіңге шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 16:05
Жыл соңындағы жанталас: зейнетақы қаржысы жаппай баспанаға бағытталды
Экономика • Бүгін, 15:52
Павлодар облысында ірі өнеркәсіп паркі салынады
Өндіріс • Бүгін, 15:43
Қызылордада заңсыз қаржы айналымын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройл» қазақ экономикасына қандай үлес қосты?
Экономика • Бүгін, 15:28
АҚШ 66 халықаралық ұйымның мүшелігінен шығады
Әлем • Бүгін, 15:17
«Атырау» футбол клубынан бір мезетте 12 ойыншы кететін болды
Спорт • Бүгін, 15:08
Трамптың немересі өз шындығын айтты
Саясат • Бүгін, 14:57