Еліміздің келесі кезеңдегі дамуында басты құжат болып табылатын «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2015-2019 жылдары республикада 11 автокөлік жолының жобасы жүзеге асырылады екен. Нәтижесінде, 7 мың шақырымнан астам жол қайта жаңғыртылатын көрінеді. Осыны айтқан комитет төрағасының орынбасары, әр бағытты атап өтті. – «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын аяқтау, «Орталық – Оңтүстік», Орталық – Шығыс», «Орталық – Батыс», «Алматы – Өскемен», «Қызылорда – Жезқазған-Қарағанды», «Астана – Петропавл», «Орал – Каменка», сондай-ақ, «Астана қаласының оңтүстік айналма жолы», «Жетібай – Жаңаөзен» және «Үшарал – Достық» жобалары қолға алынады. Аталған жобалардың жалпы құны 2,4 трлн. теңгені құрайды. Соның арқасында, жалпы алғанда 7 мыңнан астам шақырымды қайта жаңарту жоспарлануда. Осы мақсаттарға ұлттық қордан 2015-2016 жылдарға 301 млрд. теңге бөлінетін болады», деді А.Беков.
Бұлармен бірге, 1 трлн. теңге немесе 5,5 млрд. доллар көлемінде болатын қаржы жөнінде министрлік алдын ала келіссөздер жүргізіп, жыл соңына дейін 12 келісімге қол қоюды жоспарлапты. «Атап айтсақ, Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша қарызға алынған қаражатқа Қарағандыдан бастап Куртовқа дейін жол салынады. Бұған 2,6 млрд. доллар көлемінде Дүниежүзілік банк пен Еуропалық банктің қарызы жұмсалады. «Орталық – Батыс» жобасына Дүниежүзілік банк, Ислам банкі мен Азия даму банкінің қаражаттарын тарту көзделген. Шамамен 1,5 млрд. доллар көлемінде қаржы тартылады. «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» жобасы бойынша 960 млн. доллар көлемінде Азия даму банкі мен Ислам банкінен инвестиция тарту көзделуде. «Жетібай – Жаңаөзен» жобасын жүзеге асыру үшін 140 млн. доллар көлемінде Азия даму банкінен, ал «Ұзынағаш – Отар» жобасына Дүниежүзілік банктен 213 млн. доллар көлемінде қаржы тартылады. Осы жобалар бойынша биыл техникалық негіздеме әзірленіп, құрылыс жұмыстарын келесі жылдың екінші тоқсанында бастау көзделіп отыр», деді комитет төрағасының орынбасары.
Осы кезде құрылыс басталып кеткен Теміртау – Қапшағай тас жолындағы 1000 шақырым жолды жөндеп, жаңарту жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады екен. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол» компаниясы келесі бағыттар бойынша жұмыстар атқарып жатыр. «Астана –Алматы» бағыты бойынша, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Қапшағай қалалары арқылы өтетін «Астана – Алматы» тас жолының 1 282 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл тас жол 4 және 6 жолақты 1-ші категориялы жолдар қатарына жататын болады. Жыл соңында Астана мен Теміртау, сондай-ақ, Алматы мен Қапшағай қалаларының арасындағы бір-бір жолақты пайдалануға береміз. Жолдың екінші жолағы келесі жылы аяқталады. Шамамен 1000 шақырымды құрайтын Теміртау қаласынан Қапшағайға дейінгі аумақтың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жоба республикалық бюджет пен Дүниежүзілік банктің қарызы есебінен қаржыландырылады», деді басқарма төрағасы Е.Қизатов.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Футбол • Бүгін, 11:25
Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12