Кеше Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев марапатталған Халықаралық инженерлік академиясының алмас белгісінің тапсыру рәсімі өтті. Бұл құрметті награда Елбасына «Қазақстанның инженерлік академиясының дамуына және ТМД елдерінің ғылыми, инженерлік-техникалық қоғамдастықтарының нығаюына елеулі үлес қосқаны үшін» берілді.
Халықаралық инженерлік академиясының президенті Борис Гусев құрметті белгісін тапсыра тұра, Нұрсұлтан Назарбаевты жақында өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады және Елбасының Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте инженерлік ғылымды дамытудағы маңызы зор деп мәлімдеді.
Академияда құрылған Алмас белгісі инженерлік қызметтегі қоғамдық құрметтеудің және кәсіби озаттықтың ең жоғарғы нысаны болып табылады. Тәртіп бойынша ғалымдар, инженерлер, өндіріс саласының өкілдері, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қызметтегі ерекше жетістіктері үшін аталмыш белгімен марапатталады.
Академияның наградасын Қазақстанның Ресейдегі елшісі Марат Тәжин қабыл алды. Елшінің айтуынша, бұл марапат – Елбасының Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте маңызды ғылыми және инженерлік жобалардың дамуына қосқан едәуір үлесінің нақты көрсеткіші.
«Қазіргі кезде Халықаралық инженерлік академия қызметінің маңызы ерекше зор, себебі ағымдағы еуразиялық экономикалық интеграция үдерісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер инженерлік мектептерінің тығыс байланысын, инженерлік кадрларды сапалы даярлауын және ірі инфрақұрылымдық, салааралық жобаларын іске асыруын талап етуде», – деді М.Тәжин.
Халықаралық инженерлік академиясы (ХИА) Кеңес Одағының Инженерлік академиясының құқықтық мирасқоры болып саналады. ХИА-ға бірқатар шетелдік ұлттық инженерлік академиялар кіреді. Қазіргі таңда ХИА-ға 40 елдің 1300 өкілі мүшелік етуде, олардың қатарында шетелдердің президенттері, үкімет басшылары, атақты ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ірі өнеркәсіптік және ғылыми құрылымдарының басшылары бар.

Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04