06 Мамыр, 2015

Жаңғырту – басталған істердің ғұмырын азарту

290 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Батырханов Айдар ТапашулыПрезиденттің сайлауал­ды бағдарламасының басты өзе­гін бес институттық рефор­ма құрағаны белгілі. Мем­­лекет бас­шысы алдын ала ойлас­тыр­ған бастамалар мен бағдар­­ла­малардың және жарқын жобалар мен реформалардың басты ерекшелігі – халыққа жақын тұруында. Әрі оның орындалуы қол жетпестей биік, көш өтпестей шыңырау болмауы үшін қажетті тетіктері жасалатынында. Ұлықтау рәсімінен кейін Президент Жарлығына сәйкес іле-шала құрылған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның болашақта атқаратын қызметіне де осындай пайым деңгейінен көз тастағанымыз орынды секілді. Осы тұрғыда тілдік қорымыз бен лексиконымызда бұрыннан қалыптасқан жаңғырту деген сөздің мәнісі мен мағынасына тағы бір мәрте тереңірек үңіле білгеніміз жөн ғой деп ойлаймын. Менің ойымша, жаңғырту ұғымы бұған дейін ел үшін біраз игіліктердің жасалғанынан хабар бере алады. Яғни жаңғырту тақыр жерден тау тұрғызу деген түсінікпен қатар тұра алмайды. Онымен қоңсы қона алмайды. Өйткені, бейнелеп айтқанда, мұндай «тау» бұған дейін де тұрғызылып үлгерілген. Енді оның төбесі мүжілмеуі, етегін су шаймауы, оның табиғаттың бас­қа сын-қатерлеріне төтеп бере бі­луі үшін оны одан әрі берік ете түскен орынды болмақ. Осындай қисынға сайсақ кез келген қо­ғам­дық құндылықтың ғұмыры ұзарып мәңгілік бола түспек. Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы Жа­р­лығына осындай ой арнасы­нан келсек қателеспейтін шы­ғар­мыз деп ойлаймын. Егер айтайын деген ойымызды бұдан әрі тағы да нақтылай түссек, атал­ған Жарлыққа сәйкес құ­рыл­ған жұмыс топтарының әр­қайсына жаңғырту мәселелері тұрғысынан тың пікірлер мен ұсыныстар қосуға болады. Мысалы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов басқаратын заң үстем­дігін қамтамасыз ету жө­ніндегі жұмыс тобын алайық. Шынтуайтына келгенде, мем­лекетімізде заңдардың мүлтік­сіз орындалуы мен оның үстем­дігін қамтамасыз ету мәселе­лерінде әлі шешімін тауып үл­гермеген жайттар бар екені талас туғызбайды. Егер осы олқы­лығымыз өз орнымен және барша қазақстандықтардың ерік-жігерімен шешімін табатын болса – бұл фактор құқықтық мемлекет қалыптастыра білуіміздің басты алғышартына айналатынына сенім мол. Осындай қисынға арқа сүйе­сек, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев басқаратын экономика мәселелері жөніндегі жұ­мыс тобының алдында да шұ­ғыл қолға алатын мәселелер аз емес екеніне көзіміз айқын жете түседі. Ұлттық комиссия туралы Ереже мен Ұлттық комис­сияның жұмыс жоспары жобасы әзір болған кезде бүгінгі күнге дейін беймәлімдеу болып келген Жаңғырту жөніндегі жобаның жарқын беттері ашылатыны анық. Қысқасы, жаңғырту – біткен істердің екінші тынысын ашу және оның ғұмырын одан әрі ұзарту деп түсінемін. Айдар БАТЫРХАНОВ, Батыс Қазақстан мәдениет қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы. ОРАЛ.