Президенттің сайлауалды бағдарламасының басты өзегін бес институттық реформа құрағаны белгілі. Мемлекет басшысы алдын ала ойластырған бастамалар мен бағдарламалардың және жарқын жобалар мен реформалардың басты ерекшелігі – халыққа жақын тұруында. Әрі оның орындалуы қол жетпестей биік, көш өтпестей шыңырау болмауы үшін қажетті тетіктері жасалатынында. Ұлықтау рәсімінен кейін Президент Жарлығына сәйкес іле-шала құрылған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның болашақта атқаратын қызметіне де осындай пайым деңгейінен көз тастағанымыз орынды секілді.
Осы тұрғыда тілдік қорымыз бен лексиконымызда бұрыннан қалыптасқан жаңғырту деген сөздің мәнісі мен мағынасына тағы бір мәрте тереңірек үңіле білгеніміз жөн ғой деп ойлаймын. Менің ойымша, жаңғырту ұғымы бұған дейін ел үшін біраз игіліктердің жасалғанынан хабар бере алады. Яғни жаңғырту тақыр жерден тау тұрғызу деген түсінікпен қатар тұра алмайды. Онымен қоңсы қона алмайды. Өйткені, бейнелеп айтқанда, мұндай «тау» бұған дейін де тұрғызылып үлгерілген. Енді оның төбесі мүжілмеуі, етегін су шаймауы, оның табиғаттың басқа сын-қатерлеріне төтеп бере білуі үшін оны одан әрі берік ете түскен орынды болмақ. Осындай қисынға сайсақ кез келген қоғамдық құндылықтың ғұмыры ұзарып мәңгілік бола түспек.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы Жарлығына осындай ой арнасынан келсек қателеспейтін шығармыз деп ойлаймын. Егер айтайын деген ойымызды бұдан әрі тағы да нақтылай түссек, аталған Жарлыққа сәйкес құрылған жұмыс топтарының әрқайсына жаңғырту мәселелері тұрғысынан тың пікірлер мен ұсыныстар қосуға болады. Мысалы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов басқаратын заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын алайық. Шынтуайтына келгенде, мемлекетімізде заңдардың мүлтіксіз орындалуы мен оның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерінде әлі шешімін тауып үлгермеген жайттар бар екені талас туғызбайды. Егер осы олқылығымыз өз орнымен және барша қазақстандықтардың ерік-жігерімен шешімін табатын болса – бұл фактор құқықтық мемлекет қалыптастыра білуіміздің басты алғышартына айналатынына сенім мол.
Осындай қисынға арқа сүйесек, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев басқаратын экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алдында да шұғыл қолға алатын мәселелер аз емес екеніне көзіміз айқын жете түседі. Ұлттық комиссия туралы Ереже мен Ұлттық комиссияның жұмыс жоспары жобасы әзір болған кезде бүгінгі күнге дейін беймәлімдеу болып келген Жаңғырту жөніндегі жобаның жарқын беттері ашылатыны анық. Қысқасы, жаңғырту – біткен істердің екінші тынысын ашу және оның ғұмырын одан әрі ұзарту деп түсінемін.
Айдар БАТЫРХАНОВ,
Батыс Қазақстан мәдениет
қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы.
ОРАЛ.

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13