АТЫРАУ. 6 мамыр. Атырауда «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты ақындардың республикалық айтысы өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетті. Бас жүлде – 2 000 000 теңге жеңімпаз атанған Болатбек Оразбаевқа берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұлттық өнерге елеңдемейтін қазақ бар ма?! Әсіресе, Атырауда айтыс өтеді дегелі жұртшылықтан дегбір қалмады. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұған дейін мұнайлы өңірде дәл мұндай ауқымды айтыс өтпеп еді. Екіншіден, ұрпақтан ұрпаққа мирас болған бұл жыр бәйгесі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Үшіншіден, оған бірнеше жергілікті айтыскерлер де қатысты. Төртіншіден, Атыраудағы айтысқа тек ұлттық өнердің хас шеберлері, Мемлекеттік сыйлықтың үш иегері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, әнші-композиторлар Алтынбек Қоразбаев пен Бекболат Тілеухан, ақындар, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан, айтыскер Мэлс Қосымбаев және Жазушылар Одағы Атырау филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев қазылық етті. Сондай-ақ, жыр бәйгесінің тізгінін осы өнердің ыстық-суығына әбден төзген Жүрсін Ерман ұстады. Айтқандай, бұл айтыс алыстағы Қытайдан келген қандасымыз Зура Шаймұратқызының қатысуымен де ерекшеленді.
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыбымен өткен айтысқа «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетті. Оған еліміздің әр өңірінен 20-дан астам ақын қатысып, екі күн бойы Махамбет атындағы драма театрды жыр кешіне бөледі. Сөз саптауы, мақамы, суырыпсалмалығы жөнінен бірінен бірі өткен ақындардың кейбірі бірінші күні жұртшылық ықыласына бөленгенмен, екінші күні кібіртіктеп қалғандары да кездесті. Дегенмен, айтыс ақындары тек бір тақырыпты ғана жырлаумен шектелмейтіні анық. Бұл жолы айтыскерлер елдік мәселелерді де қағыс қалдырмады. Ауылдағы ағайынның әлеуметтік мәселесі, руханият пен елдік мұраттарды астарлап жеткізген ақындардың арасында ұтымды әзілімен ел-жұртты қыран-топан күлкіге кенелткендері де жоқ емес. Әсіресе, Мақсат Ақановтың қыздармен әзілі, Еркебұлан Қайназаровтың жаңылтпашы, Мейірбек Сұлтанхан мен Болатбек Оразбаев, Шалқарбай Ізбасаров пен Бауыржан Халиолланың, сонымен бірге, Бекарыс Шойбековтің астарлы ойға құрылған сөз саптаулары тыңдарманды бір желпінтті.
Екі күндік айтыстың қорытындысында әділқазылар тобы үшінші орынға Бауыржан Халиолла, Мейірбек Сұлтанхан және Еркебұлан Қайназаровты лайық деп тапты. Олардың әрқайсысына 400 мың теңгеден сыйақы берілді. Ал екінші жүлдеге ие болған Шалқарбай Ізбасаров пен Бекарыс Шойбековтің еншісіне 700 мың теңгеден сыйақы бұйырды. Бірінші жүлдені иеленген Мақсат Ақановтың өнеріне 1 000 000 теңгемен бағаланды. Айтыстың бас жүлдесі – 2 000 000 теңге Болатбек Оразбаевқа тапсырылды.
«Партия үшін елдікті жырлаған, Елбасының Сайлаудағы жеңісін паш еткен, кешегі Ұлы соғыс жеңімпаздарының ерлігін дәріптеген айтысты қолдау аса маңызды. Елбасы алдымызға мақсат етіп қойғандай, біз елдік сана, төл мәдениет, отбасылық құндылықтар, руханият, тілді ұдайы ардақтауға әзірміз. Еліміздің болашағы – жастарды тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз. Елбасы айтқандай, еліміз қуатты болуы үшін ең бірінші ұлттың рухы биік болуы керек. «Нұр Отан» партиясы айтысты әрдайым қолдай береді. Айтыста айтылған сындарды біздің фракция депутаттары қағазға түртіп алып, ол мәселелердің шешілуіне ықпал ететін болады», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.
• 06 Мамыр, 2015
Атырауда Ұлы Жеңіске арналған республикалық айтыс өтті

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 21:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53