13 Ақпан, 2015

Астана әуежайында ресми такси жұмыс жасай бастайды

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

13-02-15-taxi_off-1

АСТАНА. 13 ақпан. Астана қаласының әуежайында сәуір айынан бастап ресми такси жұмыс жасай бастайды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Арна тілшісінің мәліметінше, азаматтық авиация комитеті, әуежай және Астана қаласының әкімдігі, сондай-ақ көліктегі ішкі істер департамент және басқалардың қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданған. «Астана» әуежайы» ашық акционерлік қоғамының төрағасы Бекен Сейдахметов осы міндеттерді іске асыру мақсатында Инвестициялар және даму министрлігі әуежайдағы заңсыз қызмет көрсетіп жүрген таксистердің жұмысын тоқтату жоспарын әзірлегендігін атап өтті.Аталмыш жоспарда таксистердің заңсыз қызмет көрсетуін тыюға бағытталған қосымша шаралар белгіленген. Енді мұндағы сырттан келіп жатқан жолаушыларды тасымалдайтын таксомотор паркі конкурстық негізде анықталады. Таксиді әуежайдың шектеулі мүмкіндігі бар аумағынан шықпай шақыртуға болады. Ресми таксидің қызметі жөнінде авиажолаушы ұшу кезінде хабардар етіледі. Әуежай ғимаратында қаланың схемасы, аудандар және аяққы нүктеге дейін жетудің бірыңғай құны жайында қысқа ақпарат орналасқан баннерлер қойылады. «Біз жолаушының қауіпсіздігін ең басты орынға қоямыз. Яғни оның қауіпсіздігінің алдын алу мен қауіп-қатерден сақтандыру, таксомоторлық қызмет сапасын қамтамасыз ету - біздің басты міндетіміз болып саналады. Астыртын тасымалдаушылардың қызмет көрсетуінен астаналық әуежайдың, қаланың кіреберісіндегі басты айнасы ретіндегі  имиджі нашарлайды. Астаналық және басқа әуежайлардағы мұндай жағдайға мүлдем жол беруге  болмайды», - деп атап көрсетті Бекен Сейдахметов. Сонымен бірге, азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) әуежайлар әуежай мен қала аралығындағы қауіпсіз және жедел көлік байланысының барлық  талаптарына сай болуын талап етуде екендігін атап өткен. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: «Қазақстан» телеарнасы.