ПАВЛОДАР. 13 ақпан. Павлодар облысы кәсіпорындарының еңбек жағдайын жақсартуға орай жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, жұмыс тобының құрамында Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларының әкімдігі, басқармалар мен департаменттер басшылары бар. Мақсаты – өндіріс орындарының жұмысын тоқтатпау, жұмыс орындарын сақтау.
Алғашқы отырыста облыстағы жеті кәсіпорын басшыларының бұйымтайлары тыңдалды. Мысалы, «Майқайыңалтын» АҚ-тың бас директоры Игорь Богачев кен өндірісінің көлемі 387 895 тонна, ал өңделген руданың көлемі 397 176,7 тонна болғанын жеткізді. Биыл кен өндірісінің көрсеткішін 229 000 тоннаға жеткізу жоспарлануда. И. Богачев Екібастұз-Майқайың су құбырын іске қосу қажеттігін айтты.
Ал Екібастұздың Төртқұдық алтын фабрикасының меншік иесі болып табылатын «Альголд» ЖШС-на №2 электр стансасы желісі мен су құбырын салу бойынша көмек көрсетіледі. Өндіріс биыл іске қосылмақ. Сонымен бірге, «Павлодар құбыр-прокат зауыты» ЖШС-на шикізатты «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-тан сатып алуға қолдау жасалады. Ал «Технологиялық линиялар» ЖШС-на электр энергиясы қуаттылығының жоқтығына қатысты және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде көмек көрсетіледі. Бұдан басқа тағы да төрт өндіріске қолдау жасау отандық тауар өндірушілер еңбек етіп жүрген жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Бүгін, 21:59
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 21:19
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58