АСТАНА. 6 мамыр. Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кезекті жоғары әскери және арнайы атақтар мен сыныптық шендер тапсырды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.
Қазақстан Президенті ұлттық армия ел тәуелсіздігі мен тұтастығының тірегі екенін атап өтті.
«Сіздер мінсіз қызметтеріңіз арқылы жас буынға патриоттықтың үлгісін көрсетесіздер, мұны мемлекет жоғары бағалайды. Наградаға ұсынылғандар қатарында Қарулы Күштермен бірге құқық қорғау саласы мен арнайы органдардың өкілдері бар. Олардың негізгі қызметі – елдегі тыныштықты сақтау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы жоғары әскери және арнайы атақтар тапсыру жақсы дәстүрге айналғанын айтты.
«Жаңа атақ алу, әсіресе, генералдық атақ алу – зор мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл – сіздерге, сіздердің тәлімгерлеріңіз бен қарамағыңыздағыларға, жақындарыңыз бен достарыңызға деген құрмет. Сіздер өмірде осы жолды таңдап, тоғыздан кешкі алтыға дейінгі жұмыс күнімен шектелмейтін ерекше мамандықты таңдадыңыздар. Отанға қызмет тәулік бойы қызмет ету деген ұғымды білдіреді. Халық алдындағы борышын өтеу үшін бар күшін жұмсау, қажет болса, өмірін де қию – бұл сіздердің міндеттеріңіз. Сондықтан сіздерді бүгін берілген атақтарға лайық деп санаймын», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа атақ алғандарды тағы да құттықтап, олардың Отанымызға лайықты қызмет ететініне сенім білдірді.
Марапатталғандар Мемлекет басшысының қолынан атақ алу үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік екенін айтты. Сондай-ақ, Отанымызға және Қазақстан халқына қызмет ету үшін бар күштерін жұмсайтындарына сендірді.
Рәсім барысында генерал-лейтенант әскери атағы О.Бижановқа берілді.
Генерал-майор әскери атағы Қ.Ақтановқа, Т.Дәндібаевқа, А.Қаскелеңовке, Қ.Мыңжановқа, Қ.Садықовқа, М.Таласовқа, Р.Шпекбаевқа тапсырылды.
Авиация генерал-майоры әскери атағы Д.Қосановқа;
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атақтары А.Ақшаевқа, А.Кенжебековке С.Құрманалиевке, Н.Мажиловке, Н.Нұрсипатовқа;
Полиция генерал-полковнигі арнайы атағы Қ.Қасымовқа;
Полиция генерал-лейтенанты арнайы атағы М.Демеуовке;
Полиция генерал-майоры арнайы атағы М.Аблазимовке, Ж.Бақтыбаевқа, Б.Бисенқұловқа, М.Қожаевқа, М.Ұрымхановқа;
3 сыныпты әділет мемлекеттік кеңесшісі сыныптық шені Н.Әбдіровке, М.Исадиловке, Ғ.Миразовқа, Б.Тайымбетовке, Т.Тәшімбаевқа, И.Тілеуғалиевке, Ғ.Тоғызбаевқа берілді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 06 Мамыр, 2015
Елбасы жоғары әскери және арнайы атақтар табыс етті

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады
Ауа райы • Бүгін, 22:59
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Бүгін, 22:36
Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04