Балалар • 27 Мамыр, 2025

Қазақстанда балалардың құқығы 90 пайыз қорғалады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылға арналған Балалар әл-ауқаты индексінің алдын ала қорытындыларын шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда балалардың құқығы 90 пайыз қорғалады

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Индекстің әдістемесі 56 индикатор, төрт бағыт бойынша жүргізіледі: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, дамуға жағдай жасау және бала тәрбиелеп отырған отбасылардың жалпы өмір сүру деңгейі сияқты негізгі салаларды қамтиды.

Министрлік көрсеткіштің өсуін  алдын алу және ақпараттық түсіндіру шараларының артуымен байланыстырып отыр. Мәселен, 2024 жылдың басынан еліміздің барлық мектептерінде балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық диалог мәдениетін дамыту және құқықтарды қорғау жүйесіне сенімдерін нығайту мақсатында «Мен өз құқығымды білемін» ақпараттық айдары іске қосылған. 

Ал әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі құқықтарын білетінін және олар бұзылған жағдайда қайда жүгіну керек екенін жақсы түсінетінін көрсеткен.

Айта кетейік, балалар әл-ауқаты индексі  - Мемлекет басшысының тапсырмасымен үш жыл бұрын енгізілген елдегі бала жағдайын бағалаудың стратегиялық құралы.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15