13 Ақпан, 2015

Қазалыда «Мақсаты бір, рух бір – қазақ елі» атты шара өтті

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10978518_1779265175631342_68747128406482434_nАСТАНА. 13 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Көлік-техникалық колледжінде Ассамблеяның 20 жылдығына арналған «Мақсаты бір, рухы бір – қазақ елі!» атты өзге этнос өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шара мақсаты – татулық пен тұрақтылықты сақтау және елдегі қоғамдық келісімді нығайту, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік кешке ауданы бойынша әр салада қызмет істейтін ұлт өкілдері қатысты. Шақырылған өзге этнос өкілдері өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, өз өмір тарихтары жөнінде қысқаша айтып өтті. Кешті білім ордасының ұйтқысын келтіріп отырған басшысы, аудандық мәслихат депутаты, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Болат Ахметов өзінің көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегін білдіріп, кештің шымылдығын жапты. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: egemen.kz. 10169317_1779265132298013_7617366236247098247_n 10393660_1779264532298073_2506729132843943743_n 10978671_1779264965631363_3018446497040368587_n 10985263_1779264422298084_4381986285495671200_n 10985263_1779265172298009_2644703261920663696_n