13 Ақпан, 2015

Қызылордада ұлт өкілдерінің өнері сараланды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSCF3275АСТАНА. 13 ақпан. Қызылорда қаласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық байқау өткізілді. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 18-30 жас аралығындағы ұлт өкілдері қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сайыс шарты бойынша талапкерлер «Бүгінгі таңда қазақ тілін білу неге маңызды?», «Мен неге қазақ тілін үйренгім келеді?», «Қазақ тілін үйренудің өзіндік ерекше тәсілдері», «Менің интернационалдық отбасым – біз үйде қазақша қалай сөйлесеміз», «Тіл бірлігі – мен ана тілін, қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерді білемін» тақырыптарында бейнероликтер дайындап, оны мемлекеттік тілде жеткізе білді. Сондай-ақ, берілген тақырып бойынша эссе жазып, ауызша сұрақтарға жауап берді. Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапатталды. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: egemen.kz. DSCF3229 DSCF3264