06 Мамыр, 2015

Қостанайда Иван Бугаевқа мемориалдық тақта ілінді

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
06.05.2015 Qostanay-8ҚОСТАНАЙ. 6 мамыр. Қостанайда Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген заңгер Иван Бугаев тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта  ілінді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Иван Михайлович Бугаев Ұлы Отан соғысының ардагері, елімізге еңбегі сіңген заңгер және  Қостанай қаласының құрметті азаматы болатын. Ол сот жүйесінде 35 жыл қызмет етті. Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатында оның шәкірттері, замандастары сөз алды. 06.05.2015 Qostanay-9Сот жүйесінің ардагері Тұрсынбай Жармұханбетов: «Мен Бугаев ақсақалмен 14 жыл бірге қызмет еттім. Ол нағыз ұстазым, ақылшым болды. Сол үшін мен оған қарыздармын. Мен бірге қызметтес болған алты судьяның төртеуі соғыс ардагері болатын.  Соттағы тәртіп те соғыстағы тәртіппен бірдей еді», деді. Иван Бугаев соғыста 1943 жылы ауыр жараланып, госпитальде ұзақ емделеді, бір қолын кесуге тура келеді. Ол қатарға қосылған соң, 1944 жылы Украинаға оқуға жіберіледі. Сонда қызмет істеп жүргенде Украинада тағы бір соғыс басталады. Соғыс кезінде Батыс Украинаны немістерден азат ету кезінде Тернополь, Ровен, Дрогобычский и Львов облыстарында ұлтшылдардың ұйымында болған бандалар қалып қояды, олармен кәдімгідей соғыс жүреді. Ұрыс кезінде Бугаев тағы да жараланады. Ол жарақаты жазылғаннан кейін оқу керектігін түсініп, Алматыдағы заң институтын бітіреді. Одан кейінгі өмірінің барлығы Қостанайда өтеді. Ол облыстық сотта 13 жыл сот төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Облыстық сот төрағасы Ғалымжан Мырзаке: «Иван Михайловичті ұмытуға болмайды. Ол бүгінгі көптеген білікті  заңгерлердің ұстазы болған кісі» деді. Бугаев өмірінің соңғы жылдарын өткізген облыс орталығының Толстой көшесіндегі 69 үйдің қабырғасында еліміздің белгілі тұлғалары Ұлы Отан соғысының батыры Сейтхан Темірбаевқа, аяулы ұстаз Василий Макотченкоға және жазушы Серік Шәкібаевқа да мемориалдық тақта ілінген. Олардың қатарына Иван Бугаев қосылды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: ng.kz