Аппақ қарға оранған алып таудың керім келбеті жанар қарықтырып көз жауыңызды алады. Аспандағы ақша бұлт қана тау мен даланың аппақ кейпіне ерекше назар салғанын аңғарғандай боласыз. Ақпан айындағы шырайлы көрініске қарап іштей сұлу кейіпке таңданысыңызды жасыра алмайсыз. Іле Алатауының мәңгі қар мен мұздықтары шақырайған нұрлы күннің сәуле шашқан ғажайып сұлу көрінісі мерейіңізді өсіре түседі. Іле Алатауының өзендер өрнектеген әдемі кейпіне көз тоқтатқан сайын Ұзынқарғалы, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Қарғалы, Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Талғар, Есік, Шелек арналары бұралаң-бұралаң күйінде Балқашқа қарай атырауланып асығады. Мың сан өзен алқаптарында күні ертең дүр көтерілер гүлдер мен өсімдіктер бүр жаратынына аңсарыңыз ауады. Алатау маңғаздана түскендей, тұңғиық көк аспанға ілінген ақша бұлт қарлы өңірге миығынан қарайтындай, сол сәт көктемнің де жақын қалғанын сездіргендей шатқал-шатқалдың арасынан алтынкүрек желі лекіп бір өтеді. Сол кездері көктемнің күлімдей келгеніне қуанған күйі беткей-беткейде бәйшешек, қызғалдақ, таушымылдық, бөрі қарақат пен сап-сары түске оранып қаз жуасы көмкеріледі, бой түзеп қызғалдақ пен сарғалдақ көтеріледі. Көгілдір аспаннан нұр себезгілеп мұзарт шыңдардың әдемі келбеті келер көктемнің уыз бейнесінің иісі тынысыңды қытықтағандай манауратады, аппақ қарлы беткейге өзімсіне енген ақша бұлт таулы өңірге еркелеп келгендей сырлы мінез көрсетеді. Шырша басында қонақтаған бір уыс ұлпа қар алтынкүрек желдің деміне шыдас бере алмастай екен. Мұзарт шыңдары жанар арбай түскен Алатау көз тоймас әсемдігімен тәнті етеді, ғажап көрінісіне көз қиығын ғана тастап толқыған ынтызар көңілін жасыра алмай, ақша бұлт өзімен өзі масаттанады... Кіршіксіз, айқай, перизат Алатау пәк көңілін жасыра алмай шадыман болғысы келеді, соны түсінгендей ақша бұлт мың бұралып билеп ала жөнеледі... Алатау... Ақша бұлт... Осының бәріне ессіз ризашылық танытып жатқан маңғаз дүниенің керім келбетін танытқандай дерсіз... Ертегідей аппақ, әдемі әлем... Фотоэтюдті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36