Президент • 10 Маусым, 2025

Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады

Фото: Ақорда

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.