Оқиға • 17 Маусым, 2025

Ақсу ферроқорытпа зауытына айыппұл салынды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу ферроқорытпа зауыты экологиялық заңбұзушылықтар үшін 850 миллион теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақсу ферроқорытпа зауытына  айыппұл салынды

Фото: Ашық дереккөз

Тексеру нәтижесінде кәсіпорыннан шыққан зиянды қалдықтардың көлемі белгіленген нормадан асып кеткені анықталған. Үш ай ішінде ауаға тараған зиянды заттар көлемі 660 тоннаға жеткен.

Бүгінде аталған айыппұлдың сомасы толық көлемде мемлекет пайдасына өндірілген.