20 Наурыз, 2015

Құрылымның алтыншы басқосуы

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Вол­ковтың және Австрия Республикасының Ғылым, зерттеу және эко­номика федералды вице-министрі Бернадетте Гирлингердің тең төр­ағалығымен Қазақстан-Австрия сауда-экономикалық ынты­мақ­тастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 6-отырысы өтті. Отырыс барысында тараптар екі­жақты күн тәртібінің өзекті мәсе­лелерін, соның ішінде Қазақ­стан Республикасы мен Авс­трия Республикасының экономикалық ахуалы, екіжақ­ты ын­ты­мақтас­тық­тың қазіргі жағдайы мен болашақ мүмкін­дік­тері бойыншы дәстүрлі пікір алмасты. Күн тәртібінің арнайы бөлігі ре­тінде Австрия Республикасының Экономика, отбасы және жас­тар бойынша федералды ми­нистрлігі мен Қазақстан Респуб­ликасы Ин­вестициялар және даму минис­трлігі арасындағы эко­номикалық ынтымақтастық жөнін­дегі Жол картасы шеңберінде басымды жобалардың жаңартылған тізімі талқыланды. Делегациялар, сонымен қа­­тар, Қазақстан-Австрия ын­ты­­мақ­тастығының энергетика, қор­шаған ортаны және таби­ғатты қорғау технологиялары, көлік және инфрақұрылым, ауыл шаруа­шылығы, денсаулық сақтау және медициналық техника, жоғары білім беру және өңір­аралық ынтымақтастықты дамыту салаларындағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылады. Комиccия отырысының шең­берінде Қазақстан тарапы ЭКСПО-2017 жобасының және Қа­зақстан Республикасына ресми көмек көрсету тұжырым­да­ма­сының тұсаукесерін өткізді. «Егемен-ақпарат».