18 Ақпан, 2015

24 сағат

262 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
*Brent мұнайының ба­ғасы барреліне 62 долларға жетті. Сарапшылардың пі­кірінше, бұған ірі мұнай ком­панияларының өзде­рі­нің құрылымдарын оңтай­ландырып, персоналдарын қысқартуға деген ниеті себеп болып отыр. Бүгінге дейін әлемдегі мұнай компаниялары 100 мың адамды жұмыстан босатып үлгерген. Қытайда кезекті жо­ғары лауазымды шенеунікке қа­тысты қылмыстық қуғындау басталды. ҚХР парламенті төрағасының бұрынғы орынбасары Су Жунға өзінің қыз­мет бабын ірі көлемде пара алуға пайдаланды деген айып тағылып отыр. *Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Ливияға халықаралық араласу туралы қарар қабылдауға ша­қырды. Бұған дейін Ливия содырлары 21 мысырлық ба­лықшыны ұстап, өлтірген болатын. Осыған орай, Каир кек алу шараларына, яғ­ни содырлар шептерін бом­балауға кірісіп кеткен еді. *Жапонияның сол­түс­тік-шығысында магнитудасы 6,9 баллдық жер сілкінісі тір­келген еді. Осыған орай, Иватэ префектурасында цунами қаупі жарияланды. Жағалаудағы халыққа қауіпсіз жерлерге жедел жету ұсынылды. Бірақ кейін цунамиден қауіп жоқ екені белгілі болды. Зілзала зардабы туралы ақпарат жоқ. Йеменде тағынан тай­дырылған президент Абд Раббу Мансұр Хади жа­ғын­дағы қарулы жасақ ел астанасы – Абден қаласының бір бөлігін басып алған. Бес сағатқа созылған ұрыстан соң Хадиді жақтаушы көтер­ілісшілер бірқатар әкім­ші­лік ғимараттарды өз бақы­лауына көшірген. Текетірес жалғасып жатыр. АҚШ-тың бірқатар штат­тарында ауа райы үлкен қолайсыздық туғызып тұр. Вашингтонда боран салдарынан мемлекеттік мекемелер мен мектептер жабылып қалды. Авиакомпаниялар 2,6 мың рейсін кейінге шегерді. Елдің түрлі бөліктерінде қа­лың жауған қар салдарынан 1,2 миллион адам жарықсыз отыр. 25 адам опат болды деген дерек бар. *Данияның астанасы – Копенгаген қаласында 30 мың адамдық наразылық шарасы болып өтті. Бұған себеп – өткен сенбі күні Омар Әбдел Хамид әл-Хусейн де­ген 22 жастағы лаңкес тер­рорлық қадамға барып, екі еврей азаматын өлтірген еді. Өзі де полиция тарапынан жер жастандырылған болатын. Еуроодақ санкция ен­гізілетін (кіруге тыйым салу және есепшоттарды жауып тастау) адамдар тізімін кеңейтті. Бұл жолы қара ті­зімге 5 ресейлік енгізілді. Олар: қорғаныс министрінің орынбасарлары Анатолий Ан­тонов пен Аркадий Бахин, бас штаб бастығының орынбасары Андрей Картополов, әнші Иосиф Кобзон және Мемдума депутаты Валерий Рашкин. АҚШ-тың Мэриленд штатында 16 жастағы бозбала ата-анасы мен қарындасын атып өлтіргеннен кейін өзі де полиция қызметкерлерінің қолынан оққа ұшты. Алдын ала болжам бойынша, бозбала ата-анасының компьютерді пайдалануға тыйым салуына наразылығын осылай білдірген сыңайлы. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде әзірленді.