18 Ақпан, 2015

Германия Үкіметі уәкілімен әңгіме

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның 2016 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселелері, сондай-ақ, Ресей, Орталық Азия және Шығыс әріптестігінің елдерімен ынтымақтастық жөніндегі ГФР Федералды үкіметінің уәкілі, бұрынғы Мемлекеттік сыртқы істер министрі Гернот Эрлерді қабылдады. Сенат Төрағасы 2016 жылы ЕҚЫҰ төрағасы лауазымына сайлануымен Германияны құттықтады және әлемге және қауіпсіздіктің қиын уақытында Ұйым алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуге ГФР қомақты үлес қосатынына сенім білдірді. Қ.Тоқаевтың пікірінше, зор экономикалық әлеуетке және халықаралық беделге ие Германия төраға ретінде ЕҚЫҰ-ны нығайту үшін көптеген шаралар атқара алады. Басты мәселелерінің бірі ук­раин шиеленістері болған таяу­дағы Мюнхен қауіпсіздік коми­те­тінің нәтижелерін талқылаған жүздесушілер «Минск-2» келі­сімдерін орындау қажеттігін көл­денең тартты. Қ.Тоқаев Украи­надағы дағдарыс жағдайын реттеуге бағытталған Қазақстан Пре­зиденті Н.Назарбаевтың күш-жігерін атап өтті. «Біздің Мем­лекет басшысы шиеленісті рет­теуге жәрдемдесу үшін белсенді жұ­мыстарды жалғастырып келеді, оны Ресей, Украина, Германия, Франция, АҚШ, Беларусь көш­бас­шыларымен кездесулері мен телефон арқылы сөйлесулері көрсетіп отыр», деді Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы жүздесушіні Қазақстандағы әлеуметтік-эко­номикалық ахуалмен, Орталық Азиядағы жағдаймен және Пар­ламенттің заң шығару қызметімен та­ныстырды, деп хабарлады Се­нат­тың баспасөз қызметі.