* * *
БІЗ ТЕК ҚАНА ШЫНДЫҚТЫ АЙТАМЫЗ Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты жағдай жасалып келеді. Оларды ертеңгі күнге үміттендіріп, қоғамнан өз орындарын табуға мүмкіндік туғызуда арнайы мектептердің атқарар жұмысы айтарлықтай. Солардың бірі – елордадағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық, ол “Программа Б” деген оқу-әдістемелік құралымен 4 типтік бағытта жұмыс атқарады. Олар, біріншіден, тұрмыстық бағыт: өзін-өзі күту, киіну, тамақ ішу тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асады. Екіншіден, педагогикалық бағыт: бұл жерде ең бастысы – логиканы дамыту, сөйлеу техникасын және бастапқы білім беруді арнайы мұғалімдер үйретеді. Сабақ кестелері 3-4 сағаттан аспай, балалардың интеллектуалдық, грамматикалық жағынан жетілулеріне көмектеседі. Үшінші бағыт: тікелей медицинамен байланысты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын бақылау және дер кезінде алғашқы көмек беру медицина қызметкерлерінің қарауымен атқарылады. Осыған арнайы кабинеттер жабдықталып, арт-терапия, ликатека, сенсорлық кабинеттер, Монтессори сатып алынған. Сондай-ақ, тәжірибе ретінде балаларды көпшілік алдына шығарып, басқа жүйке ауруымен ауырмайтын балалардан кем емес екендігін көрсету. Бұл үдерістер орталық саябақ және Астананың ойын-сауық мекемелеріне апарып, қыдырту арқылы жүзеге асырылады. Соңғы төртінші бағыт: қаржыландырумен жұмыс істеу. Бұл дегеніміз – демеушілік көмек және мемлекет бөлген ақшалардың дұрыс жұмсалуын бақылау. Әрине, қаржы жағына келгенде тек ақшамен емес, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары да аса маңызды. Жалпы алғанда, 3-тен 18 жасқа дейінгі аралықта мүмкіндігі шектеулі 180 бала бар. Оның 64-і күндізгі бөлімде болса, қалған көпшілігі стационарлық топта қаралады. Арнайы күтіммен бақыланатын 28 бала Даун синдромымен ауыратын болса, стационарлық бөлімдегі 32 бала жүре алмайды. Орталықта жұмыс істейтіндердің тең жартысын психологтар, дефектологтар, логопедтер, мұғалімдер мен тәрбиешілер құраса, қалғандары техникалық және санитарлық бағыттағылар болып табылады. Орталықтың директоры Серік Бөпежанов атқарылатын жұмыс қанша қиын болса да, балалардың бір күлкісі мың рет айтылған рахметпен тең, дейді. Өйткені, бұл балалар ешқашан ешкімге жамандық ойламайды және алдамайды да. Шыңғыс МЫРЗАХМЕТ, Еуразия ұлттық университетінің студенті.Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер
Саясат • Бүгін, 10:00
Олимпиада-2026: Алғашқы жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді?
Спорт • Бүгін, 09:57
Мүмкіндігі шектеулі балаларға – ерекше назар
Қоғам • Бүгін, 09:50
Пікір • Бүгін, 09:40
Елдік көзқарастың қалыптасуы маңызды
Пікір • Бүгін, 09:30
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Реформа • Бүгін, 09:20
Қазақстан – Беларусь: Парламентаралық ынтымақтастық нығайып келеді
Саясат • Бүгін, 09:15
Марат Сұлтанғазиев: Аймақты жан-жақты дамыту – басым бағытымыз
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Конституциялық реформа бизнестің де өрісін кеңейтеді
Саясат • Бүгін, 09:05
Донор мен дотация: Өңірлерді өркендету бағдары қалай өзгереді?
Экономика • Бүгін, 09:00
«Е-АӨК» платформасы іске қосылады
Шаруашылық • Бүгін, 08:58
Креативті индустрия туралы заң қаралды
Үкімет • Бүгін, 08:55
Экономика • Бүгін, 08:50
Кәсіп бастағандарға – 400 млн теңге
Бизнес • Бүгін, 08:45