18 Ақпан, 2015

Атырауда бұрынғы лауазым иелерінің шағымын қарау жалғасып жатыр

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау сотыАТЫРАУ. 18 ақпан. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Атырау облысы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлерге қатысты шығарылған сот үкімімен келіспей берліген барлық апелляциялық шағымдар мен наразылықты қарауды одан әрі жалғастыруда. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. «Биылғы 2-16 ақпан аралығында өткен сот отырыстарында жекелеген қорғаушылардың сот мәжілісіне қосымша куәларды жауаптап, кейбір заңды тұлғалардың құрылтайшылары туралы мәліметтер сұрау жөніндегі өтініштері сотпен қанағаттандырылды. Ал кеше сот аплляциялық шағымдар мен наразылықтың дәлелдемелерін тыңдауға кірісті», деп мәлім етті Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев. Сот мәжілісі сотталғандар мен олардың қорғаушылары және жәбірленушілердің қатысуымен өткізілуде. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Сурет: Рахым Қойлыбаев.