24 Маусым, 2015

Қарағандының жас футболшылары Audi Cups 2015 турниріне қатысады (фото)

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24.06.2015-FotboolАЛМАТЫ. 24 маусым. Қазақстандағы балалар үйі тәрбиеленушілерінің қатысуымен футболдан өткен чемпионаттың жеңімпазы анықталды. Қарағанды қаласынан келген «Таңшолпан» командасы Тараз қаласының «Тұлпар» командасын 1:0 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Екі айға созылған қызу таластан кейін балалар үйі тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылған футбол мерекесі – «Арманыңа жақында» атты футбол жарасы осылайша өз мәресіне жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Жеңіс жолындағы тартыс Қазақстанның 8 командасы арасында өтті. Жеңімпаз команданың ойыншылары  2015 жылғы Еуропа чемпионатына сәйкес, атап айтқанда, «Бавария», «Реал-Мадрид», «Милан» және «Тотенхэм» командаларының ойындарына тамашалауға қатысады. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасында өтетін футбол чемпионаты 2013 жылдан бері  «Бауыржан» Қайырымдылық қоры мен «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан Футбол федерациясы және ҚР БҒМ-нің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Цеснабанк» АҚ қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 24.06.2015-Fotbool 1 24.06.2015-Fotbool  2 24.06.2015-Fotbool  4