Қоғам • 21 Қараша, 2025

Бельгиялық журналист – туризм елшісі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Бельгиядағы елшілігінде елші Роман Василенко «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы атынан «Қазақстан Республикасы туризмінің елшісі» құрметті миссиясын журналист Дерья Сойсалға тапсырды.

Бельгиялық журналист – туризм елшісі

Медиа өкілі халықаралық басылымдармен белсенді ынтымақтасып, еуропалық оқырманға елімізді таныстырады.

– Қазақстан өзінің табиғатымен, қонақжайлылығымен, дамуға деген ұмтылысымен терең әсер қалдырды. Мен бұл ел туралы Еуропада мүмкіндігінше көп адам білгенін қалаймын, – деп атап өтті Дерья Сойсал.

2018 жылы «Kazakh Tourism» елімізге туристік бағыт ретінде халықаралық қызығушылықты арттыруға бағытталған «Туризм елшісі» бағдарламасын қолға алды. Оған шетелдік туризм индустриясы, мәдениет пен білім саласының өкілдері, медиа, цифрлық кеңістіктегі мамандар қосылып жатыр. Бұған дейін құрметті миссия­ны әйгілі әнші Димаш Құдайберген, жапон блогері Юдзи Натсума, Қытайдың инфлюенсері Таотао қабылдады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50