25 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №442

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 17 маусым, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1484 және «Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2015 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1484 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 134-құжат); 2) «Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 490-қүжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.