Күшті жел лаулатқан өртті көрген тұрғындар далаға өздігінен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Алайда үйдің төбесі толық күйіп, жоғары қабатының кейбір пәтерлеріне өрт тараған.
Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Ал тұрғындар жақын маңдағы «Парасат» мектебінде жасақталған эвакуациялық пунктке орналастырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы