Фото: Ашық дереккөз
Заруцкий 2025 жылғы 10 қаңтарда «Астана» командасынан «Қайратқа» ауысып, сол жылдың 31 желтоқсанына дейін келісімшартқа отырған болатын. Алматылық командада қақпашы Премьер-лига мен Суперкубокты жеңіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты. «Қайрат» сапында ол 24 матчқа қатысып, 18 гол жіберген, ал 9 кездесуде қақпасын таза сақтаған.
Чемпиондар лигасында Александр барлық іріктеу кезеңінде ойнады, бірақ «Селтикке» қарсы алғашқы матчта жарақат алып, орнына Темірлан Анарбеков шықты.
Қазіргі уақытта «Қайрат» чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде Испанияның «Вильярреалы» командасымен қатар 36-орында тұр. Алматылық клуб тек Кипрдің «Пафосымен» болған 0:0 есебімен тең ойында бір ұпайға ие болды. Ал қалған 5 матчта «Спортинг» (4:1), «Реал» (0:5), «Интер» (2:1), «Копенгаген» (3:2) және «Олимпиакос» (0:1) қарсыластарына есе жіберді. Келесі ойындарда команда Бельгияның «Брюгге» (20 қаңтар) және Лондонның «Арсенал» (28-29 қаңтар) командаларына қарсы шығады.
Естріңізге сала кетейік, «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды. Анарбековтен кейінгі жоғары балды «Қайрат» қорғаушылары Еркін Тапалов пен Егор Сорокин жинады – екеуіне де 7.2 деген баға қойылған.