Аймақтар • Кеше

Қарағандының IT қарқыны

20 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазіргі жаһандық бәсеке дәуірінде ғылым мен технологияның дамуы елдің экономикалық қуаты мен халықаралық беделінің басты көрсеткішіне айналып отыр. Әсіресе жасанды интеллект пен роботтехника саласындағы серпінді өзгерістер мемлекеттер арасындағы даму қарқынын қайта айқындады. Осындай отандық жаңашыл бастамалардың алдыңғы шебінде тұрған өңірлердің бірі – Қарағанды облысы. Кеншілер өңірі кейінгі жылдары роботтехника бағытында еліміз бойынша көш бастап келеді.

Қарағандының IT қарқыны

Суреттерді түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Өңір оқушы­ла­рының халық­аралық олимпиа­далар мен дүние­жүзілік деңгейдегі бәсекелерде көрсет­кен жоға­ры көрсеткіш­тері Қараған­дының бұл сала­дағы әлеуе­тін айқын дәлел­дейді. Ро­бот­техника – бала­лардың инженерлік ой­лауын дамытумен қатар, олар­дың ғылыми зерттеуге құш­тарлығын арттырып, шы­ғармашылықпен жұ­мыс істеуіне жаңа кеңістік ашады. Жасөспірімдер мектеп қабырғасында жүріп-ақ ин­новациялық жобалар құ­растырып, стартаптар жа­сауға машықтанып жатыр. Бұл – елі­міз­дің технологиялық бола­шағына салынған инвес­тиция.

Қарағанды облысын­да роботтех­никаға қызығу­шылық мектептен емес, балабақшадан басталады. Бірқатар мектепке дейінгі ұйымдарда роботтехника бұрыштары мен қарапайым құрастырушы жиынтықтар енгізіл­ген. Бұл – баланың кеңіс­тікті қабыл­дауын, логика­лық ойлауын, дәлдік пен жүйелілікке үйренуін қалып­тастыратын тиімді әдіс.

Мектептер мен колледж­дерде заманауи жабдық­талған роботтехника каби­неті жұмыс істейді. 3D-прин­терлер, микроконтрол­лерлер, сенсорлар, дрондар мен инженерлік жиынтықтарды қолдану балалардың техни­калық танымын кеңей­тіп, оларды теорияны тәжіри­бемен ұштастыруға ынталандырады. Мұндай ортада өскен оқушылар хака­тон­дарға, олимпиадалар мен түрлі деңгейдегі жарыс­тар­ға белсенді қатысып, рес­пуб­ликалық және халық­ара­лық сайыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүр.

Өңірдегі жетекші білім ошақтары – «Мұрагер» ма­ман­дандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Дарын» мектебі, Н.Нұрмақов атын­дағы маман­дандырылған мектеп-интернат, №103 гимназия, Қарағанды ІТ мектебі – кейінгі жылдары роботтех­никада биік белестерді бағын­дырып келеді. Бұл оқу орын­дарының командалары АҚШ, Корея, Түркия, Нидер­ланд сияқты мемлекеттерде өткен роботтехникалық сайыс­тарда жүлделі орын­дарға қол жет­­кізіп, ел қоржы­нын еселеді.

Мектептер арасында тә­жірибе алмасу ұдайы жүр­гізіледі: шеберлік сабақтары, бірлескен жобалар, ортақ құрастыру лагерьлері – осы­ның бәрі облыстағы роботтехника жүйесін қалыптастырып отыр.

а

Қарағанды ақпараттық технологиялар мектеп-ли­цейінің физика пәнінің мұғалімі, көптеген халық­аралық жүлдегерлерді дайын­даған ұстаз Қайрат Исмаилов өңірдің бұл белсенділігін заңдылық деп санайды.

«Жасанды интеллект дәуі­рінде роботтехниканы бөлек қарастыру мүмкін емес. Егер, робот – дене болса, ЖИ – оның ақыл-ойы. Екі сала біріккенде ғана интеллектуалды, автономды жүйелерді жасай аламыз», – дейді тәжірибелі педагог.

Оның шәкірттері жуыр­да Абу-Дабиде өткен ха­лықаралық жарыста І орынды жеңіп алып, Қазақстанның роботтехника саласындағы деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қарағанды ІТ мектебінің оқушылары да инновациялық ойларымен ерекшеленіп келеді. Биыл олар Италияда өтетін халықара­лық жарысқа «Автоматтандырылған аквариум» жобасын алып бар­мақ. Жоба балық шаруа­шы­лығына арнал­ған автомат­тандырылған эко­жүйе құ­руды көздейді. Аквариумда балықты тәулігіне қажетті мөлшерде автоматты түрде қоректендіретін құрылғы, су сапасын бақылау жүйесі және «интернет заттары» технологиясы енгізілген. Бұл пайдаланушыға параметр­лерді қашықтан өзгертуге мүмкіндік береді.

Мектеп оқушылары жаса­ған тағы бір ерекше жоба – жасанды интеллектімен жабдықталған гид-робот. Ағаш пішініндегі ани­мат­роник түріндегі робот білім беру ұйымдары мен мұ­ра­­жайларда ақпарат бе­ру­ші көмекші бола алады. Келу­шілерге кабинет нөмірі, сабақ кестесі, музей экспозиция­сы туралы ақпаратты дауыс ар­қылы жеткізеді. Бұл ро­боттың бастапқы нұс­қасы былтыр Нидерландта өт­кен «RoboCup» жарысына дайындық барысында құ­рас­тырылған. Кейін жоба жетілдіріліп, толыққанды гид-роботқа айналды. Қазір Балқаш қаласындағы туристік мұражайға енгізу мәселесі талқыланып жатыр.

Қазақстан биыл роботтехника сала­сында тарихи жетістікке қол жет­кізді. АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен «FIRST World Championship – 2025» интеллектуалды сайы­сында еліміздің атынан қа­тысқан жеті команда жоға­ры нәтиже көрсетті. Осы командалар қатарында Қарағандыдағы «Мұрагер» мектебінің «Jeltoqsun» және «Rasslexx» топтары да бар. Олар өз жобаларын ағыл­шын тілінде қорғап, халықара­лық жарыстың екі дүркін жеңім­пазы атанды.

Мектеп директоры Сей­фул­мәлік Сұлтановтың ай­туын­ша, бұл нәтиже – педагогтер еңбегінің, дұрыс құрыл­ған білім беру стратегиясының же­мі­сі. Тәжірибелі ұстаз­дар Жанә­діл Шәкәрім мен Бердібек Қазығұлов дайын­даған шәкірттер әр жарыста үздік атанып жүр. «Мұрагер» мектебі жыл сайын АҚШ-та өтетін «International Emerging Leaders Conference» конференциясына тұрақты қатысатын республикадағы жалғыз білім ошағы.

Биылғы ерекше жоба­лар­дың бірі – мектеп қыз­мет­керлеріне ар­нал­ған еден жуатын велосипед. Жоба Жұмысшы маман­дықта­рының жылы аясында жү­зеге асырылып, қазір мек­теп ішінде қолданысқа ен­гізіл­ген. Сондай-ақ 10-сынып оқушылары ағылшын тілін үйренуге арналған жасанды интеллектіге негіз­дел­ген шағын робот жасап, оқушы­лардың сөйлеу дағды­сын шыңдау мақсатында тәжі­рибеге енгізіп отыр.

Қарағанды облысында роботтех­никаға жасалған жағдай – тұтас ел бойынша инновациялық серпілістің көрінісі. Мұнда оқушылар  жа­рысқа қатысып қана қой­май, нақты өнімдер әзір­леп, стартап мәдениетін қалып­тастыруға үлес қосып отыр.

Қарағандыдағы робот­тех­ника мен жасанды интел­лектінің дамуы – өңірдің ғана емес, мемлекетіміздің инновациялық келешегін айқындай­тын маңызды қадам.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар